«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жалынның жайылуына жол бермеді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда жеке тұрғын үй өртеніп, мамандар жалын­ның жеке секторға таралуына жол бермеді.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мә­ліметінше, Петропавлдағы 1-Заречный көшесі, 20 мекенжайы бойынша жеке үйде өрт шыққандығы жөнінде хабар “101” қызметіне сағат 9:03 ми­нут кеткенде түскен. Өртсөндіруші­лер жеткен кезде тұрғын үйден шық­қан жалын жақын маңдағы екі ша­руашылық ғимаратына да жайылып үлгеріпті. Қызыл жалынды сөндіруге 8 арнайы техника мен жеке құрамның 25 маманы жұмылдырылды.

Жеке секторда үйлердің тығыз орналасуы өртсөндірушілердің жұ­мысын қиындатты. Әрі жақын маңда­ғы үйлерге тарау қаупі жоғары болды. Өртті сөндіру барысында мамандар үйден 8 газ баллонын шығарып үл­герді. Сағат 10:05 кеткенде өрт толық сөндірілді. Тұрғын үй мен бір шаруа­шылық ғимаратына зақым келсе, екіншісі толық жанып кетті. Бірақ жа­лын көрші үйлер мен қора-қопсыға та­ралмады. Өрттің жалпы ауданы 120 шар­шы метрді құрады.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі мен шығын мөлшері жақын күндері анықталмақ.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp