«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕЛАЯҚ ЖЕРЛЕСІМІЗ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Астана қаласындағы “Qazaqstan” спорт кешенінде жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Аталған жарыста солтүстікқазақстандық Михаил Литвин екі медаль жеңіп алды.

Жарыстың алғашқы күні ерлер арасында 400 метрге жүгіруден сын­ға түскен жерлесіміз күміс жүлдегер атанды. Ол мәреге санаулы метр­лер қалғанда қатарлық Аммар Исмаил Яхия Ибраһимнен қалып қойған еді. Бұл қашықтықта қола медаль қытайлық атлетке бұйырғанын айта кеткен жөн.

Кейін жерлесіміз ерлер арасын­дағы эстафетада Андрей Соколов, Эльнор Мұхитдинов, Вячеслав Земспен бірге мәреге бірінші жетті. Олар 3:09,15 нәтижемен ел рекор­дын жаңартып, Азия чемпионы атанды. Екінші орынды Қатар құра­масы иеленсе (3:09,26), үшінші орынға Тәжікстан тұрақтады (3:34,45).

Үш күндік жарыстың қорытын­дысы бойынша Қазақстан құрама­сы құрлық біріншілігінде 12 медаль (6 алтын, 3 күміс және 3 қола) жеңіп алды. Бұл ел құрамасына Азия чемпионатында жалпыкоманда­лық есеп­те екінші орынға шығуына мүм­кіндік берді. 15 медаль (6 ал­тын, 5 күміс, 4 қоламен) иеленген Жапо­ния өкілдері көш бастағанын айта кеткен жөн.

Әділет БАҒЛАНҰЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp