«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Ақпан 13, 2023

ЖАЗЫЛМАС ЖАРА

Отансүйгіштік – адамның бойында отбасылық тәрбиемен, өсіп-өнген ортасының ықпалымен қалыптасатын қасиет. Бала кезімде мен үшін ең құрметті, ең сыйлы, өнеге тұтатын жандар – Ұлы Отан соғысының ардагерлері болды. Туып-өскен ауылым Ақтастан Екінші дүниежүзілік соғысқа 58 адам аттанған. Аман оралғаны – 16 жауынгер. Отан қорғау, жерді сүю, азаматтық борышты ақтау деген ұғымдарды соларға қарап үйрендік. Одан …

ЖАЗЫЛМАС ЖАРА Read More »

Экспорт көлемі артты

Облыстық кәсіпкерлер палатасы берген экспорттық сертификаттар саны 15 пайызға ұлғайды. Бұл туралы осы ұйымның директоры Тимур Бекеев мәлімдеді. Тимур Берікұлының айтуынша, 2022 жылы тауарлардың шығу тегін сертификаттау бойынша 3066 сертификат ұсынылса, 2624-ін жергілікті тауар өндірушілер алған. – Өткен жылдың қорытындысы бойынша экспорттық сертификаттарға да, ішкі айналым сертификаттарына да өтінімдердің ұлғаю үрдісі байқалып отыр. Біз экспорттаушыларға …

Экспорт көлемі артты Read More »

ҮШ ӘКІМ САЙЛАНДЫ

Қызылжар ауданы бойынша 19 ауылдық округтің үшеуінде әкімдер баламалы жолмен сайланды. Рассвет ауылдық огругінде 1400-ден астам адам тұрады. Тізімдегі сайлаушылардың 95 пайызы мектепте орналасқан сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасады. №305 сайлау учаскесінің төрағасы Дмитрий Гончариктің айтуынша, әкімдік лауазымға 3 үміткер ұсынылған. Бәрі де – “Amanat” партиясының мүшелері, екеуі – өзін-өзі ұсынғандар. Бұған дейін осы …

ҮШ ӘКІМ САЙЛАНДЫ Read More »

Білім бәйгесі

Петропавлда республикалық пәндік олимпиаданың облыстық кезеңі өтуде. Білім бәйгесіне 9-11-сыныптарда оқитын 504 оқушы қатысып жатыр. Облыстық олимпиада екі бағытта 15 пән бойынша өтеді деп жоспарланған. Білім сайысы ақпанның 13-і мен 18-і күндері аралығында Әбу Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған гимназия-интернаты, “Лорд” дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты, №8 жалпы орта білім беретін мектеп-эстетикалық …

Білім бәйгесі Read More »

АЛТЫ ЖҮЗ “УРАЛ” ҚҰРАСТЫРЫЛДЫ

Облыстық әкімдікте сүт, тамақ өнімдері, компьютерлік техника мен тұрмыстық-химия заттары көрермен назарына ұсынылған шағын көрме өтті. Өнімдердің барлығы біздің өңірде жасалған немесе құрастырылған. Мәселен, көпшіліктің назары бірден “Урал” мотокцикліне ауды. Екі ел арасындағы іскерлік байланыс арқасында жарты жылдың ішінде біздің облыста 600-ден астам мотоцикл құрастырылған. Биыл бұл санды 900-ге жеткізбек. Осы істі дөңгелетіп отырған “IMZ …

АЛТЫ ЖҮЗ “УРАЛ” ҚҰРАСТЫРЫЛДЫ Read More »

ОБЛЫС ӘКІМДЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевты, Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдыны, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаровты және Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевты қабылдады. Президентке облыстардың әкімдері өңірлердің былтырғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері және алдағы кезеңге арналған жоспары жөнінде баяндады. Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаров ауыл шаруашылығын дамыту және инвестициялық жобаларды жүзеге …

ОБЛЫС ӘКІМДЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ Read More »

Дарыны даңқын асырған

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада жерлесіміз, халқымыздың тарихы мен өнерінде ерекше орны бар, ақын, әнші, композитор, ел қорғаны – батыр, біртуар тұлға Сегіз сері Баһрамұлы Шақшақовтың туғанына 205 жыл толуына арналған “Сегіз сері – ұлт мақтанышы” атты поэзия кеші өтті. Шараға ақын-жазушылар, Сол­түстік Қазақстан облысының құрмет­ті азаматтары, еңбек ардагерлері, студенттер, “Қаламгер” клубының мүшелері, кітапхана …

Дарыны даңқын асырған Read More »

Көші-қон заңнамасындағы өзгерістер

Қаңтар айында өңірімізде 740 шетелдік тіркелді, оның 612-сі – Ре­сей азаматы. Ресейліктердің 446-сы облысқа келуінің негізгі мақсаты ретінде жұмысқа орналасуды көрсеткен. Биыл 27 қаңтарда Қазақстанның көші-қон заңнамасына өзгерістер енгізілді. Алайда көпшілік одан бейхабар. Көші-қон қызметінің мамандары шетелдік азаматтардың елде болу ереже­леріндегі жаңалықтарды түсіндіре отырып, ақпараттық жұмыс жүргі­зеді. Қазақстанға визасыз кіруге рұқсат етілген басқа мемлекеттер­дің азаматтары …

Көші-қон заңнамасындағы өзгерістер Read More »

ЖЕЛАЯҚ ЖЕРЛЕСІМІЗ

Астана қаласындағы “Qazaqstan” спорт кешенінде жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Аталған жарыста солтүстікқазақстандық Михаил Литвин екі медаль жеңіп алды. Жарыстың алғашқы күні ерлер арасында 400 метрге жүгіруден сын­ға түскен жерлесіміз күміс жүлдегер атанды. Ол мәреге санаулы метр­лер қалғанда қатарлық Аммар Исмаил Яхия Ибраһимнен қалып қойған еді. Бұл қашықтықта қола медаль қытайлық …

ЖЕЛАЯҚ ЖЕРЛЕСІМІЗ Read More »

Үш жыл бойы табылмаған

2020 жылдың қазан айында жо­ғалып кеткен Александр Смирнов­ты іздеу оң нәтиже берді. Ақпан айында оның Ақмола облысының Біржан сал ауданында тұратыны белгілі болды. Ер адамның ұзақ уа­қыт бойы шаруа қожалықтарының бірінде жұмыс істегені, оған қатыс­ты ешқандай күш қолданбағаны анықталды. Ол өз еркімен туыста­рымен байланысқа шықпаған. Со­нымен қатар ол өзін осыншама көп адам іздеп жүргенін білмеген. …

Үш жыл бойы табылмаған Read More »

Балаларға балта ала жүгірген

Петропавлдағы №4 орта мектепте жантүршігерлік оқиға орын алды. Аталмыш білім ордасының тоғызыншы сынып оқу­шы­сы сабаққа балта мен пышақ ала келіп, үш баланы жарақаттады. Оқыс оқиға 13 ақпан күні таңғы сағат 7:50-де орын алды. №4 орта мектептің тоғызыншы сынып оқушысы сөмкесіне тығып, өзімен бірге ас үйде қолданылатын балта мен пышақты ала келген. Бірден дәретханаға кіріп, бетперде …

Балаларға балта ала жүгірген Read More »

Әлем таныған Ботай

Отанды, елді сүю, қадір-қасиетін жете ұғыну туған жерді аялаудан басталады. Аққайыңдар өлкесі атан­ған Қызылжар өңірінде сұлулығымен сұқтандыратын әсем жерлер аз емес. Солардың бір шоғыры Айыр­тау ауданында орналасқан. Мұнда тамылжыған табиғатымен қоса ту­ристердің назарын ерекше аудара­тын құнды ескерткіштерді көптеп кез­дестіруге болады. Олардың қата­рында Сырымбеттегі Айғаным хан­шаның қонысы мен Ш.Уәлиханов атын­дағы тарихи-этнографиялық мұ­ражай, Қарасай мен Ағынтай батыр­лардың …

Әлем таныған Ботай Read More »

СТУДЕНТТЕР ТЕАТРЫ

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті жастарға білім беріп қана қоймайды, шығармашылық қабілеттерін дамытуға да көп көңіл бөледі. Жоғары оқу орнының қабырғасында құрылған “Шаңырақ”, “Пилигрим”, “Кривое зеркало” театрлары, “Шертер” фольклорлық-этнографиялық және “Антурнан” хореографиялық ансамбльдері, студенттер хоры – өнерге жақын жастарға талабын шыңдап, талантын танытуға мүмкіндік беретін орта. Мұнда өткізген күндер жастықтың ұмытылмас бір белесі болып есте …

СТУДЕНТТЕР ТЕАТРЫ Read More »

Ауылдықтардың көбі сақтандырылмаған

Үстіміздегі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 436163 адам немесе халықтың 81,6 пайызы медициналық сақтандыруға қатысушылар болып саналады олар МӘМС жүйесінде медициналық көмек алуға құқылы. Бұл санға жарналарды төлеуден босатылған адамдар кіреді, олар үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарды мемлекет төлейді. МӘМС төлемдері барлық адамдар үшін міндетті болып табылады, алайда облыста 98152 (18,4 пайыз) адам әлі …

Ауылдықтардың көбі сақтандырылмаған Read More »

Әрбір азаматтың міндеті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтау – әрбір азаматтың міндеті. Тек бірлескен күш-жігермен ғана біз еліміздегі сыбайлас жемқорлықты жеңе аламыз. Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясатына сәйкес, сондай-ақ оның алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы ұжымның жауапты тұлғаларына түсіндіру, ақпараттық және оқыту …

Әрбір азаматтың міндеті Read More »

Биатлонда бағы жанған Бекентай

Қаңтар айында АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында өт­кен Универсиадада қазақ­стандық студенттер үш алтын, төрт кү­міс және төрт қола медаль еншілегені белгілі. Осы­лай­ша әлемнің 50 елінен келген студент­тер арасында жалпыкомандалық есепте 11-шы орынға тұрақтады. Қоржындағы үш ал­тынның екеуі – жас биатлоншыларымыздың еншісінде. Соның ішінде 10 шақырымдық спринтте солтүстікқазақстандық Бе­кен­тай Тұрлыбеков жеңіске жетіп, көк Туымызды желбіретіп, Әнұранымызды әуелетті. Алдағы …

Биатлонда бағы жанған Бекентай Read More »

Босаңсыған бақылау, бұрмаланған есеп

Тексеру көрсеткендей, мемле­кеттік органдарда қайталанатын кем­шіліктер – бухгалтерлік есептерді бұр­малау, бюджет қаржысын және мемлекет активтерін тиімді пайда­ланбау, мақсатсыз жұмсау. Мәселен, былтыр Мамлют ауданына қарасты ұйымдарға, атап айтқанда, аудан­дық, қалалық әкімдікке, Новомихай­ловка, Дубровин, ауылдық округте­рінің аппараттарына, экономика және қаржы, жұмыспен қамту, сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, автомобиль жол­дары және жолаушылар көлігі бөлім­деріне мемлекеттік аудит жүргізудің нәтижелері …

Босаңсыған бақылау, бұрмаланған есеп Read More »

Баянның ерінбейтін пошташысы

Облыстық “Soltüstık Qazaqstan” газетінің 2022 жылғы 20 желтоқсан­дағы нөмірінде шыққан “Тұрғындар пошта қызметіне наразы” атты кө­лемді мақаланы оқып отырып, бұл салада шешімін күткен біраз мәселе барын аңғардым. Ауыл тұрғыны үшін “Soltüstık Qazaqstan” газетіне алты айға жазылу ақысы 3328 теңге болса, соның 1489 теңгесі ғана ре­дак­цияда қалады екен. Ал қалған 1839 теңгесін пошта алады, демек, “пошташылар …

Баянның ерінбейтін пошташысы Read More »