Облыстық полиция департаменті процессингтік орталығының аға мемлекеттік автоинспекторы Қайрат Сейітқұловтың айтуынша, бүгінге дейін өңірде 1187 автокөлік заңдастырудан өткен. Қазіргі уақытта Петропавлдағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында ұзын-сонар кезек жоқ. Бұған дейін мекеме күніне 80-90 адамды қабылдаса, қазір орта есеппен мамандардың алдынан 60-70 адам өтеді екен.
– Оң жақ рулі бар автокөліктерді тіркеуден өткізуде қиындықтар бар. Ол машиналардың тізімін жасап, министрлікке, әкімшілік полиция комитетіне жіберіп жатырмыз. Ал жалпы жұмыс біріздендірілген. Бізге негізінен барлық құжаттарын жинап, электронды түрде кезек алып келіп жатыр, – дейді Қайрат Сейітқұлов.
Автокөліктерді заңдастыру бойынша өтініштердің азаюына байланысты мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесі де өзгерген.
Юрий КЛЫКОВ,
облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің инспекторы.