«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Ақпан 15, 2023

Қызыл жалын құрық салдырар емес

Жыл басынан өңірде 62 өрт оқиғасы тіркелді. Қызыл жалын 8 адамның өмірін қиып, 3 тұрғын түрлі дене жарақатын алды. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментте өткен баспасөз мәслихатында айтылды. Биыл облыста көміртегі тотығына улану фактілері де жиіледі. Бір жарым айдың ішінде зардап шеккендердің жалпы саны 18-ге дейін жетті, сондай-ақ 1 адам көз жұмды. Төтенше …

Қызыл жалын құрық салдырар емес Read More »

Шағымданушылар көп

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының колл-орталығына өткен жылы ел бойынша 759164 өтінім келіп түскен. 707,5 мың адам кеңес алса, 24 мыңы түрлі мазмұндағы шағым қалдырған. Талдау көрсеткендей, өтініштердің 93 пайызы бойынша бірден кеңес берілсе, 50 мыңнан астам өтінім егжей-тегжейлі қаралып, жауап қайтарылған. Өткен жылы пациенттер қорға 24 мың шағым жіберген. Алдыңғы кезеңмен салыстырғанда олардың саны 35 …

Шағымданушылар көп Read More »

Тоғысқан тағдырлар

Кезінде Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі жанындағы “Асыл мұра” орталығында қызмет істеген өлкетанушы ағаларымыз Ғалым Қадырәліұлы, Қайролла Мұқанов пен Социал Жұмабаев құрастырған, 2001 жылы Петропавлдағы “Полиграфия” АҚ баспасынан қазақ және орыс тілдерінде шығарған Баймағамбет Ізтөлиннің шығармашылығына арналған “Арманды ақын” деп аталатын еңбектерінде біздің жерлесіміз, белгілі қаламгер Сейтен Сауытбековтің “Өртенген өлең” деген деректі повестіне сілтеме жасайды. …

Тоғысқан тағдырлар Read More »

ТЫҢ ИДЕЯЛАРДЫҢ ҚАЙНАР КӨЗІ

Ұлтты ұлт етіп, әлемдік деңгейге көтеретін бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу – қоғам алдындағы бас­ты мақсаттардың бірі. Бала то­лық­қанды білімге ие болып, көзқарасы қалыптасқан, қазіргі күрделі жағдай­да өз бағытын бағдарлай алатын жеке тұлға болып қалыптасып, қо­ғамнан өз орнын таба білсе, ұстаз еңбегінің ақталғаны. Мемлекет бас­шысы Қасым-Жомарт Тоқаев “Әді­летті мемлекет. Біртұтас ұлт. Бе­рекелі қоғам” Жолдауында: “Орта білімнің …

ТЫҢ ИДЕЯЛАРДЫҢ ҚАЙНАР КӨЗІ Read More »

Киберқылмысқа қарсы топ құрылды

Облыс аумағында ауыр және аса ауыр қылмыстар санының тіркелуі 27,6 пайызға төмендеді. Бұл туралы облыстық полиция департаментінде қаңтар айының қорытындысы бойынша өткен жедел кеңесте айтылды. Кеңес барысында тергеу және жедел жұмыс, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл, полиция қызметкерлерінің дене шынықтыру және әлеуметтік-құқықтық дайындығы қаралды. Облыстық полиция департамен­тінің бастығы, полиция полковнигі Айдын Қабдұлдинов жиналғандар назарын кейбір түйінді …

Киберқылмысқа қарсы топ құрылды Read More »

Аграрлық сала көрсеткіші көңілдегідей

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетовтің төрағалығымен өткен жиында ауыл шаруашылығы саласының 2022 жылғы қорытындылары шығарылып, алда атқарылатын басым бағыттар белгіленді. Алдымен облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Мейрам Меңдібаевтың баяндамасы тыңдалды. Ол былтыр ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 1117,2 млрд. теңгені құрағанын, бұл көрсеткіш бойынша Тимирязев және Жамбыл аудандары жоғары жетістікке жеткенін, …

Аграрлық сала көрсеткіші көңілдегідей Read More »

Білім ордаларын бақылау күшейтілмек

Облыстық әкімдікте өткен жедел кеңес отырысында мектептердегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету, әлеуметтік маңызы бар өнімдерге бағаны тұрақтандыру мәселелері қаралды. Өңір басшысы Айдарбек Сапаров 2019 жылмен салыстырғанда тұрақтандыру қорының айналым қаражаты 300 миллион теңгеден 3,6 миллиард теңгеге дейін ұлғайғанын атап өтті. Бірақ 37 сауда орны ғана тартылып отыр. Облыс әкімі бұл бағыттағы жұмыстарды жетілдіріп, сауда нүктелерін көбейтіп, …

Білім ордаларын бақылау күшейтілмек Read More »

Жоғары жауапкершілік

2021 жылы іске қосылған Петропавл электротехникалық зауыты бүгінде 150 адамды жұмыспен қамтып отыр. Арасында басқа өңірлерден келіп, еңбек етіп жатқандар да аз емес. Кәсіпорынның басты өнімі – кернеу класы 6, 10, 35 кВ-тық трансформаторлар. Шығарылатын өнімдердің 98 пайызы экспортқа кетеді. Сұраныс жылдан-жылға артуда. Трансформаторлардың сыртқы қаңқасына дейін зауыттың іскер дәнекерлеушілері өздері жасайды. Бұл іске жауапты …

Жоғары жауапкершілік Read More »

Жүрегі нәзік ақын

Қазіргі қазақ поэзиясының дамуына лирикалық, отты өлеңдерімен үлес қосып жүрген ақындардың бірі, Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың иегері – Танакөз Толқынқызы. Оқырмандарға “Біз – таулықпыз”, “Айтқым келеді”, “Сағынып жүрмін” сынды бірнеше жыр жинақтарын ұсынған ақын редакциямызда қонақ болып, шығармашылығы, қазіргі қазақ поэзиясы туралы әңгіме өрбітті. Астаналық мейманды ұжымға “Қызылжар-Ақпарат” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Жарасбай Сүлейменов таныстырды. …

Жүрегі нәзік ақын Read More »

Күмбірледі күміс күй

Қазақтың қасиетті қара домбырасы талай ғасырлар түкпірінен сыр шертіп, халық санасында өрнегін қалдырып келеді. Дүлдүл даулескерлер өз замандарындағы оқиғаларды домбыра үнімен айшықтап, біздерге аманат етіп кетті. Солардың бірі – халық ақыны Тілеуке (Шал ақын) Құлекеұлы. Биыл ақынның туғанына 275 жыл толады. Тарихи тұлғаның есімін жаңғырту, қазақтың асыл қазынасы – домбыраға деген қызығушылықты арттыру, жастардың бойына …

Күмбірледі күміс күй Read More »

Хан ордасының бас қолбасшысы

Солтүстік Қазақстан өңірі ежел­ден ел тұтастығын сақтау үшін жауымен арыстанша алы­сып, ұлтарақтай жеріне дейін сом білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғаған жаужүрек ба­тырларға, орақ тілді, от ауызды шешен-билерге кенде емес. Со­лардың бірі – қазақ хандығының қалыптасуына өлшеусіз үлес қос­қан дауылпаз жырау Қожаберген Толыбайұлы. Ғабит Мүсірепов атын­дағы ауданның Володар­ское ауылдық кітапха­насында өткен кеш атақты қолбасшының 360 …

Хан ордасының бас қолбасшысы Read More »

Өлеңге үйір өрендер

Мағжан Жұмабаевтың 130 жыл­дығына орай жыл басында жария­ланған “Мен өлмеймін, менікі де өл­мейді…” атты мүшәйраның жеңім­паз­дары мен қазылар алқасы өңірі­мізге келіп, бірқатар оқу орында­рында жас­тармен кездесулер өткіз­ді. Атап айт­қанда, ақын Дәулеткерей Кәпұлы М.Қозыбаев атындағы Сол­түстік Қа­зақстан университетінің, Та­на­көз Тол­қынқызы М.Жұмабаев атындағы жо­ғары колледждің, Ба­уыр­жан Қарағы­зұлы мен Абылай Маудан Назарбаев зияткерлік мекте­бі­нің, оқушылары­мен кездесті. Абай облысынан …

Өлеңге үйір өрендер Read More »

Екі айға қамалды

Петропавлдағы №4 орта мектепте балтамен қаруланған оқушы үш жасөсіпірімді жарақаттағаны туралы газетіміздің өткен санында жазғанбыз. Зардап шеккендердің екеуіне ота жасалып, біреуі жарақаты жеңіл болған соң үйіне жіберілген. Облыс әкімі Айдарбек Сапаров ауруханаға арнайы барып, оқушылардың хал-жағдайын сұрады. Облыстық денсаулық сақтау бас­­қар­масының баспасөз қызметі мә­лімдегендей, жарақат алған екі оқу­шы жансақтау бөлімінен травмото­логия бөлімшесіне ауысты­рылды. – Қазіргі …

Екі айға қамалды Read More »

Жанәлінің жарқын жеңісі

Қостанай қаласында жасөспірім­дер арасында ауыр атлетикадан ел біріншілігі өтті. Республикалық жа­рыста өңір намысын қорғаған Жанәлі Тұяқов жеңіс тұғырынан көрінді. Солтүстікқазақстандық спортшы 109 килограмнан жоғары салмақта өнер көрсететін атлеттермен сайыс­қа түсті. Бұл санатта 6 спортшы ғана бақ сынады. Жерлесіміз намысты қолдан бермей, алтыннан алқа та­ғынды. – Жұлқа көтеруде 145, серпе кө­те­ру жаттығуында 183 килограмдық зіл­темірді еңсердім. …

Жанәлінің жарқын жеңісі Read More »

Ұзын-сонар кезек жоқ

Облыстық полиция департаменті процессингтік орталығының аға мем­ле­кеттік автоинспекторы Қайрат Се­йітқұловтың айтуынша, бүгінге дейін өңірде 1187 автокөлік заңдастырудан өткен. Қазіргі уақытта Петропавлдағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында ұзын-сонар кезек жоқ. Бұған дейін мекеме күніне 80-90 адамды қабылдаса, қазір орта есеппен мамандардың алдынан 60-70 адам өтеді екен. – Оң жақ рулі бар автокөліктерді тіркеуден өткізуде қиындықтар бар. …

Ұзын-сонар кезек жоқ Read More »

Айсұлу ШАЙКЕНОВА: “ШЕТЕЛДЕ АЛҒАН ТӘЖІРИБЕМДІ ЖАС ЖУРНАЛИСТЕР САНАСЫНА СІҢІРГІМ КЕЛЕДІ”

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті журналистика кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты Айсұлу Шайкенова “Болашақ” Халықаралық бағдарламасыменен АҚШ-тың Нью-Йорк киноакадемиясында 8 айлық тағылымдамадан өтіп келді. Шетелде білімін жетілдіріп, мол тәжірибе алған ұстаз бүгін көрген-білгенін студенттеріне үйретуде. Үнемі ізденіс үстінде жүретін, мақсат пен еңбекті ұштастыра білген білікті маманды әңгімеге тартқан едік. – Айсұлу Жақсылыққызы, сіз журналистика саласына …

Айсұлу ШАЙКЕНОВА: “ШЕТЕЛДЕ АЛҒАН ТӘЖІРИБЕМДІ ЖАС ЖУРНАЛИСТЕР САНАСЫНА СІҢІРГІМ КЕЛЕДІ” Read More »