«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Өлеңге үйір өрендер

Диас Аяған

 esla9015@gmail.com

Мағжан Жұмабаевтың 130 жыл­дығына орай жыл басында жария­ланған “Мен өлмеймін, менікі де өл­мейді…” атты мүшәйраның жеңім­паз­дары мен қазылар алқасы өңірі­мізге келіп, бірқатар оқу орында­рында жас­тармен кездесулер өткіз­ді. Атап айт­қанда, ақын Дәулеткерей Кәпұлы М.Қозыбаев атындағы Сол­түстік Қа­зақстан университетінің, Та­на­көз Тол­қынқызы М.Жұмабаев атындағы жо­ғары колледждің, Ба­уыр­жан Қарағы­зұлы мен Абылай Маудан Назарбаев зияткерлік мекте­бі­нің, оқушылары­мен кездесті. Абай облысынан келген Мерей Қарт пен көкшетаулық Қуа­ныш Оспан Абай атындағы мектеп-гимназияның оқу­шыларымен жүзде­сіп, руханият, әде­биет төңірегінде әңгіме өрбітіп, оқушылардың сұрақтарына жауап берді.

Абай атындағы мектептің оқу­шылары ақындарды күй шашумен қар­сы алды. Кейін дарынды ұл-қыздар өз өнерлерін көрсетіп, ән са­лып, өлең оқыды. Қуаныш Оспан мен Мерей Қарт өз шығармашы­лықтары жайлы баяндады.

– Бұл – менің Қызылжарға екінші рет келуім. Ақын Мағжанның мерей­тойы аясында осында табан тіреп отырғаныма қуаныштымын. Мұнда­ғы жастармен кездесіп, осында да өнерге жаны жақын ұл-қыздардың көп екеніне куә болдым. Оқушылардың ынтасы, өлең жырға деген қызығушылығы қуантады. Сол­түстікте басталып жатқан осынау Мағжан тойы күллі түркі жұртына та­ралып, жалғасын табады деп сене­міз, – деді ақын, Қазақстан Жазу­шы­лар одағы Абай облыстық фи­лиалының директоры Мерей Қарт.

Мазмұнды кеш соңында жастар ақындарға алғыстарын білді­ріп, қонақтар мектеп кітапханасына жыр жинақтарын тарту етті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp