«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Шеберлікті шыңдау

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Біліктілікті арттыру курстарынан кейін педагогикалық қызметті жан­дандырумен қатар оған бақылау жа­сау кәсіби шыңдалуға жол ашатын бір­ден бір кепіл болып табылады. Ше­берлік дағдыларын жетілдірудің мүм­кіндіктері мол. Солардың бірі – жүйелі түрде әдістемелік көмек көрсету.

“Өрлеу” БАҰО” АҚ облыстық фи­лиалы ұс­таз­дар арасында күнделікті туындайтын кедергілерді жеңуге, игерілген тео­рия­лық және практика­лық материал­дарды нақты педагоги­ка­лық қызмет­те қолдануға көмекте­седі. Бұл үде­ріс­терді вебинар, семи­нар, тиімді тәжірибелерді таратуға ар­налған іс-шаралар негізінде дамыту­ға болады. Биыл Н. Крупская атын­дағы №10 мек­тептің қазақ тілі мен әдебиеті пән­де­рінің мұғалімі А.Қады­ралинаның әдіс­темелік құрал жазу бастамасына пайдалы кеңестер беріліп, бірлесе оты­рып, педагогтар­ға арналған әдіс­темелік құралды құ­растыру техно­логиясы, оған қойыла­тын талаптар және баспадан шығару жайлы ой-пікірлер алмасылды.

Мемлекет басшысының тапсыр­масы бойынша “Білімді ұлт, сапалы бі­­лім беру” ұлттық жобасында қарас­тырылған ауыл және қала мектептері арасындағы білім сапасындағы ал­шақтықты жою қағидаттарын жүзеге асыру мақсатында ауылдық жерлер­дегі білім ошақтарымен белсенді жұ­мыс жүргізіліп келеді. Осы ретте Қы­зылжар ауданы “Парасат” мектеп-лицейі педагогтарының оқыту үрдісін тиімді жүргізуге бағытталған ізденіс­те­рін атап өтуге болады. Әсіресе ағыл­шын тілі бірлестігінің халық­ара­лық білім күніне орайластырып “Inter­national Day of Education” тақырыбы бойынша “Workshop” шеберлік сыны­бын өткізуге бағытталған бағдар­ла­ма­­сына, сценарийі мен спикерлердің жұ­мысына жоғары баға беруге бо­лады.

Филиал оқытушылары мұғалім­дер қауымына әдістемелік қолдау көр­сетуге, кеңестер беруге әркез әзір. Мұның өзі күнделікті қызметте кә­сіби құзыреттілікті арттыруға сеп­тігін тигізері даусыз.

Гүлзат ӘЛЖАНОВА,

“Өрлеу” БАҰО” АҚ облыстық филиалының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp