«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жедел әрекет етуге дайын

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстан Республикасы Үкіметі аппараты басшысының бірінші орынбасары Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен селекторлық кеңес өтті, онда өңірлердегі су тасқынына дайындық жұмыстары жайлы айтылды. Кеңеске облыс әкімінің орынбасары Сәтжан Аблалиев те қатысып, өз баяндамасында соңғы жылдары өңірде су тасқынына қарсы іс-шаралар кешені іске асырылғанын, соның арқасында 175-тен астам мекенде қауіп барынша азайтылғанын атап өтті.

– Проблемалық учаскелерде 130 километрден астам жер үйінділері, 7 километрден астам қорғаныс бөгеттері салынды, облыстың автожолдарында 89 су өткізгіш құбырлар, 16 түтік орнатылды, 55 километрден астам дренаждық жүйелер салынды және жөнделді, ұзындығы 1 километр болатын жағалауды нығайту жұмыстары және 2,5 километр өзен арналарын тазарту жүргізілді. Төтенше жағдайда жедел әрекет ету үшін жергілікті атқарушы органдарда жеке құрамда 1416 адам және 1180 техника, эвакуацияланатын тұрғындарды қабылдаудың 255 пункті, 114 жүзу құралы, 15 мың тоннадан астам инертті материал, 41 мың қап, 190 тоннаға жуық жанар-жағармай бар, – деді Сатжан Әйтенұлы.

Одан кейін баяндама жасаған облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полковник Рамиль Камалов облыс аумағындағы су тасқыны жағдайының болжамы туралы хабардар етіп, төтенше жағдайдың алдын алу және жою жөніндегі іс-шаралар туралы айтты. Оның сөзінше, көктемгі су тасқыны қаупінде жедел әрекет ету үшін құрамында 472 адам және 134 бірлік техника бар департамет, полиция және Ұлттық ұлан қызметкерлері қатарынан күштер мен құралдар тобы құрылған екен. Өткен жылдардағы тәжірибеге сүйене отырып, департамент осал учаскелерге алдын ала шоғырландыру үшін күштер мен құралдарды 8 бағытта топтастыруды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, Рамиль Камалов жыл басынан бері облыстың су тасқыны мен су басуға бейім аудандарына жұмыс сапарымен барып, жоспарланған су тасқынына қарсы іс-шараларды орындау бойынша жүргізілген жұмыстармен танысып, су тасқыны кезінде болуы мүмкін қиындықтарды жоюға арналған техника мен жеке құрамның дайындығын тексеруде.

Отырысты қорытындылай келе, Ғабит Сыздықбеков қатысушыларды су тасқыны қаупі бар кезеңде төтенше жағдайлардың алдын алу және олардан тұрғындарды, шаруашылық және коммуникация нысандарын қорғауды қамтамасыз ету саласындағы міндеттерді жауапкершілікпен атқаруға, орындауға, қауіп төнген кезде уақтылы әрекет етуге шақырды.

Сәкен АҒЗАМОВ,

облыстық төтенше жағдайлар департаменті төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp