Мағжан Жұмабаев аудандық полиция бөліміне Булаево қаласындағы үйлердің бірінде 14 жасар қыздың зорланғаны туралы хабарлама келіп түсті. Аталған факті “зорлау” бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Көп ұзамай полиция қызметкерлері Булаево қаласының 23 жастағы тұрғынын ұстады. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторында отыр.
Аталған факті бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды, істің мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, олардың нәтижелері бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданатын болады. Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.
Сондай-ақ Мағжан Жұмабаев аудандық полиция бөліміне бірнеше адамнан мектеп оқушысының сыныптастарын пышақпен қорқытқандығы туралы арыз-шағымдар түскен. Қазіргі уақытта бұл факті бойынша да полиция қызметкерлері тексеріс жүргізіп жатыр.
Әсет ҚАНАФИН.