«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Алаяқтықтың түрі көп

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қалалық полиция басқармасы бас­тығының бірінші орынбасары, по­ли­ция подполковнигі Әлібек Ғаб­дул­лин 2022 жылғы жедел-қызметтік жұ­мыстың қорытындысы бойынша есеп беру кездесуін өткізді. Оған қа­ла әкімінің орынбасары Асқар Ха­бибулин, зейнеткерлер, Петропавл тұрғындары қатысты.

Былтыр “өткен жылдар” сана­тын­дағы 60 қылмыс ашылып, 41 қыл­мыскер ұсталды. Хабар-ошарсыз кеткен 16 азаматтың жүрген жері анық­талды. Өткен жылы 199 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, соның салда­ры­нан 5 адам қаза тауып, 244 адам түр­лі дәрежедегі жарақаттар алған. Ал­когольдік ішімдіктерді ішкені және қоғамдық орында мас күйде жүргені үшін 5200-ден астам құқық бұзушы жауапкершілікке тартылған. Заңсыз айналымнан құрамында спирт бар 17 мың литрден астам алкоголь алынды.

Әлібек Ғабдуллиннің айтуынша, жеке құрам қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу бо­йын­ша барлық қажетті шараларды қабылдауда. Дегенмен электрондық төлемдер және онлайн-дүкендермен бірге ақпараттық технология­лар­ды пайдалана отырып жасала­тын алаяқтық түрлері де жасарып ке­леді. Бір жыл ішінде тіркелген алаяқтық фактілерінің саны 818-ді құрады.

Кездесуге қатысушыларды отба­сылық жанжалқойларға қатысты қа­былданатын шаралар, жолаушылар тасымалын ұйымдастыру, ішкі істер органдарына жұмысқа орналасу сияқты сұрақтар қызықтырды. Поли­цияның құзыретіне кіретін барлық сұрақтарға жауаптар берілді. Кез­десу соңында Асқар Хабибулин қала тұрғындарына интернет-алаяқтардың әдіс-айлаларынан сақ болуға шақырды.

Игорь МЕРЦАЛОВ,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің жетекші маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp