«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Ақпан 18, 2023

Желаяқ жерлесіміздің жеңісті жолы

Астана қаласындағы “Qazaqstan” спорт сарайында өткен жеңіл ат­летикадан жабық кешендегі Азия чемпионатында қазақстандық жеңілатлеттер 6 алтын, 5 күміс, 4 қола медальға қол жеткізіп, командалық есепте екінші орынды иеленген болатын. Жүлдегерлердің арасында жерлесіміз Михаил Литвин де бар. Ол 400 метрлік жекелей сында күміс медаль алса, ерлер арасындағы командалық эстафетада чемпион атанды. Михаил Литвин 1996 жылы Пет­ропавл …

Желаяқ жерлесіміздің жеңісті жолы Read More »

Білектің күші сыналар сәт

“Tartyl Fest” республикалық турнирінің гранд-финалына біздің өңірден 10 адам аттанды. Солардың бірі – Петропавл тұрғыны Рафаил Қадыров. Ол облыстық турнирде белтемірге тартылудан ең үздік көрсеткішке қол жеткізген болатын. Полиатлоннан халықаралық дәрежедегі спорт шебері маңызды жарысқа дайындығы туралы айтып берді. – Ауылда туып-өскен бала­лардың барлығы спортқа жақын болады деп ойлаймын. Өйткені кү­німіз негізінен далада, ойынмен, жү­гірумен …

Білектің күші сыналар сәт Read More »

ЕҢБЕК АДАМДАРЫ ЕРЕКШЕ ҚҰРМЕТТЕЛСЕ ИГІ

Мен жасым тоқсаннан асқан ар­дагермін. Жас кезімізде қызмет ат­қар­дық, елде орын алып жатқан саяси, мәдени, әлеуметтік оқиға­лар­ға бір кісідей өз үнімізді қостық деп ойлаймын. Денсаулық сыр бер­ген соң, соңғы жаңалықтармен те­ледидар арқылы, мерзімді баспасөз құралдары арқылы танысуға мәж­бүр­мін. Бала кезімнен сырласыма, мұңдасыма айналған сүйікті басы­лымым облыстық “Soltüstık Qazaq­stan” газетінің әр нөмірін асыға кү­темін. Ондағы жарияланған …

ЕҢБЕК АДАМДАРЫ ЕРЕКШЕ ҚҰРМЕТТЕЛСЕ ИГІ Read More »

Есімі ұмытылмаса екен

Мархаба Иманқұлованы мен бала күнімнен танимын. Концерттік бағдарламамен ауылымызға өнер көрсетуге келгентін. Сахна төріндегі еркін қимылы әлі күнге дейін есімде. Кейін жергілікті телеарнада режиссерлік қызмет атқарып жүрген кезде концерттерін экранға шығарғаным есімде. Ол – ерекше дарынымен республикамызға танылған өнерпаз. Осындай жанның есімі бүгінде ұмытыла бастаған сияқты. Қазақстанның еңбек сіңірген әр­тісі Мархаба Иманқұлова Петропавл қаласында дүниеге …

Есімі ұмытылмаса екен Read More »

Алаяқтықтың түрі көп

Қалалық полиция басқармасы бас­тығының бірінші орынбасары, по­ли­ция подполковнигі Әлібек Ғаб­дул­лин 2022 жылғы жедел-қызметтік жұ­мыстың қорытындысы бойынша есеп беру кездесуін өткізді. Оған қа­ла әкімінің орынбасары Асқар Ха­бибулин, зейнеткерлер, Петропавл тұрғындары қатысты. Былтыр “өткен жылдар” сана­тын­дағы 60 қылмыс ашылып, 41 қыл­мыскер ұсталды. Хабар-ошарсыз кеткен 16 азаматтың жүрген жері анық­талды. Өткен жылы 199 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, соның салда­ры­нан …

Алаяқтықтың түрі көп Read More »

Қызылжардың терең археологиялық тарихы жан-жақты зерттеледі

Өңірдің ежелгі тарихын жан-жақты, терең зерттеу мақсатында Пет­ропавлда республикадағы танымал ғылыми-зерттеу институттарының екі филиалы ашылып, жұмыс істеп жатыр. М.Қозыбаев атындағы Сол­түстік Қазақстан университетінің жа­нынан құрылған Шоқан Уәлиханов атындағы та­рих және этнология, Әл­кей Мар­ғұлан атындағы архео­логия институтының филиалдары қызмет­терін бастап кеткелі біраз болды. “Былтыр тарихшылардың рес­публикалық съезі Петропавлда өтті. Сол жиында біздің университетте елі­міздің жетекші ғылыми-зерттеу …

Қызылжардың терең археологиялық тарихы жан-жақты зерттеледі Read More »

Мектептегі қауіпсіздік мәселесі қашан шешіледі?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында балалардың қауіпсіздігі мен құқығын қорғау жайына ерекше назар аударып, нақты тапсырма берген болатын. Өте өзекті саналатын бұл мәселе бүгінде әлем жұртшылығын қатты алаңдатып отырғаны ешқандай талас тудырмайды. Мысал іздеп, алысқа бармайық, 2021 жылы Татарстанның астанасы Қазан қаласындағы гимназияда төбеден жай түсіргендей болған жантүршігерлік қанды қырғын әлі ұмытыла қойған …

Мектептегі қауіпсіздік мәселесі қашан шешіледі? Read More »