Павлодарда есту қабілеті нашар жандар арасында шаңғы жарысынан ел біріншілігі өтті. Додаға қатысқан жерлесіміз Анастасия Соловьева үш бірдей алтын медальға қол жеткізді.
“Үміт” клубының мүшесі Анастасия Соловьева шаңғы жарысындағы 5 шақырымдық сында қарсыластарының алдын орап, мәре сызығын бірінші болып кесті. Екінші орын ақмолалық спортшы Елена Путинцеваға, ал үшінші орын павлодарлық Сәния Досымхановаға бұйырды.
Кейін жерлесіміз шаңғы жарысының “классика” сынында 5 шақырымдық қашықтықта үздік атанды. Сондай-ақ 1200 метрде де Анастасияға тең келер ешкім болмады.
Аманжол НҰРТАЗИН,
“Soltüstık Qazaqstan”.