Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 18 ақпан күні Петропавлдағы Горький көшесі, 172-үйде орналасқан жатақханадан өрт шыққан. Мамандар оқиға орнына жеткенде бес қабатты үйдің 2-қабатында орналасқан бөлмелердің бірі көк түтінге оранған екен.
“Өрт туралы қоңырау сағат 12:37-де түсті. Оқиға орнына жеке құрамнан 41 адам мен 13 техника жіберілді. 107 адам эвакуацияланды, оның 13-і бала. Сағат 13:21-де өрт толық сөндірілді”, – делінген департамент мамандары таратқан ақпаратта.
Жалын 20 шаршы метр алаңды шарпыды. Жергілікті тұрғындар арасында “Восход” жатақханасы атанған ғимараттың бірінші қабатында барбершоп, мейрамхана және банк филиалы орналасқан.
Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,
“Soltüstık Qazaqstan”.