«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жатақханадан шыққан жалын

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық төтенше жағдайлар де­партаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 18 ақпан күні Петро­павлдағы Горький көшесі, 172-үйде орналасқан жатақханадан өрт шық­қан. Мамандар оқиға орнына жет­кенде бес қабатты үйдің 2-қабатында орналасқан бөлмелердің бірі көк түтінге оранған екен.

“Өрт туралы қоңырау сағат 12:37-де түсті. Оқиға орнына жеке құрам­нан 41 адам мен 13 техника жібе­­ріл­ді. 107 адам эвакуацияланды, оның 13-і бала. Сағат 13:21-де өрт то­лық сөн­дірілді”, – делінген депар­та­мент ма­мандары таратқан ақпаратта.

Жалын 20 шаршы метр алаң­ды шарпыды. Жергілікті тұрғындар арасында “Восход” жатақханасы атанған ғимараттың бірінші қаба­тын­да барбершоп, мейрамхана және банк филиалы орналасқан.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp