«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жер игеретін адамның иелігіне беріледі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірімізде жайылымдық жерлерді ұлғайту, игерілмей жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы алқаптарды мемлекет меншігіне қайтару бойынша жұмыс қарқынды жүргізіліп жатыр. Жер ресурстары – ұлттық қазынамыз, елдің эко­номика­лық тірегі және өндірістің не­г­ізгі құ­ралы әрі ауыл шаруашылығы сала­сын дамытудың негізгі нысаны бо­лып табылады. Қазақстан Рес­публика­сы жер заңнамасында жер учаскесiне меншiк құқығының туындауы, өзгертiлуi мен тоқтаты­луы, шарттары мен шектерi, жер учас­ке­лерiнiң меншiк иелерi мен жер пай­даланушылардың құқық­тары мен мiндеттерiн жүзеге асыру тәртiбi, жердi ұтымды пайдалану мен қорғауды, топырақ құнарлылығын қал­пына келтiрiп отыру, табиғи ортаны сақтау мен жақсарту, кли­маттың өзгеруіне бейімделуді қам­тамасыз ету мақсатында жер қатынастарын реттеу, шаруашылық жүр­гiзудiң бар­лық нысандарын тең дә­режеде дамыту үшiн жағдайлар жасау, жеке және заңды тұлғалар мен мемлекет­тiң жерге қатысты құ­қықтарын қор­ғау, жер қатынастары саласында заң­дылықты нығайту міндеттері ай­қындалған. Қолда­ныс­тағы жер заң­на­масына сәйкес, шаруа немесе фермерлік қожалық­тың ауыл шаруашы­лығы өндірісін жүргізуге арналған жер учаскесін пайдаланбау фактісі алғаш рет анықталған кез­ден бастап бір жыл бойы мақсатқа сай игерілмесе, мұн­дай жер учас­кесi осы кодекстiң 94-бабында көз­делген тәртiппен мәж­бүрлеп қайта­рып алынады.

Шаруа немесе фермерлік қожалық ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген жер учаскесін мақсаты бойынша пайдаланбауға егістікте ауыл шаруашылығы дақылдарын егу үшін өңдеу жөніндегі жұмыстарының жүргізілмеуі, шабын­дықтарда шөптің шабылмауы, оны арамшөп, бұталар, шіліктердің басып кетуі, жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларының болмауы не олардың саны агро­өнер­кәсіптік кешенді дамыту сала­сындағы уәкілетті орган белгілеген жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат еті­летін нормасының жиырма пайы­зы­­нан аз болуы, көпжылдық екпе­лерде егісті күтіп өсіру, жинау жұ­мыстары­ның жүргізілмеуі және есептен шы­ғарылған көпжылдық екпелердің та­мырларының алын­бауы жатады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылдың 1 қырк­­үйегіндегі “Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам” атты Қазақстан халқына Жолдауында: “Жер – өндірістің негізгі факторы” деп атап айтқан болатын. Сондық­тан әрбір өңірде және елді мекенде иесіз немесе мақсаты бойынша пай­даланылмайтын жерлердің бо­луын бағалау жүргізілуі тиіс. Мем­лекет басшысының тапсырмасын орын­дау және облыс бойынша жер заң­намасының талаптарын сақтау бо­йынша жұмыс жүргізілуде. Мә­селен, өткен жылы 304,1 мың гек­тар пайда­ланылмайтын ауыл ша­руашылығы жерлері мемлекеттің меншігіне қайтарылды, бұл жоспардың 101,4 пайызын (300 мың гектар) құрайды, оның ішінде егістік алқап – 23,5, жайылым – 260,3 мың гектар.

Қазіргі таңда қайтарылып алын­ған жерлер мақсатты пайда­лану үшін басқа шаруаларға беріл­ді. Жайылым тапшылығын азайту мақ­сатында 40,3 мың және 223,4 мың гектар жерді ауылдық елді ме­кендерге беру жоспарлануда, сон­дай-ақ конкурстар өткізу арқылы жердің бір бөлігі ауыл шаруашылығы­мен айналысқысы келетіндерге беріле­тін болады. Ал ауыл шаруа­шылығы өндірісімен айналысуға ниет білдір­ген жаңа инвесторларға жалдау құқығын беру бойынша өт­кізілген конкурстарда 40,4 мың гектар алаң ұсынылды. Пайдаланыл­маған жерлерді қайтару жұмыстары жалғасуда.

2023 жылы Ауыл шаруашылы­ғы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті мен Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігіне пайдаланылмай жатқан 330 мың гектар жерді қайтару бойынша тапсырма жүктелді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша облыстық жер ресурстарын басқару департаменті 376,4 мың гектар пайдаланылмай­тын ауыл шаруашылығы мақсатын­­дағы жер, оның ішінде 107,0 мың гектар егістік, 269,4 мың гектар жайылым бар екенін анықтады, биыл оларды қайтару жөнінде ша­ралар қабылданатын болады.

Мемлекеттік меншікке қайтарылған пайдаланылмайтын жайылымдар тұрғындардың қорасындағы малын жаю үшін жайылымдық алқаптарға сұраныс жоғары елді мекендерге беріледі.

Жүргізілген талдауға сәйкес, облыстың елді мекендерінде жа­йылым тапшылығы 547,1 мың гек­тарды құрайды. Жүргізілген тиісті жұмыстардың қорытындысы бо­йынша, 591,1 мың гектар жайылым­дық жер немесе барлық тап­шылықтың 108,0 пайызы қордағы жерлерден бөлінсе, сондай-ақ 114,4 мың гектар алқап мемлекет­тік меншікке қайтарылған пайдала­нылмайтын жерлерден, 476,7 мың гектар ауыл шаруашылығы құры­лымдарымен арада жасалған мемо­рандумдар арқылы берілді. Мәселен, Тайынша ау­данында 14 елді мекеннің (7 ауыл­дық округте) жайы­лымдық алқап­­тары 17,4 мың гек­тарға, Амандық ауылдық округінде (Амандық, Ай­мақ, Жаңадәуір ауыл­дары) 8,4 мың гектарға, Рощинск ауылдық округінде (Димитровка, Макашевка, Кра­маторовка ауыл­дары) 2,1 мың гек­тарға ұлғайтыл­ды. Аталған аудан­да халықты жа­йылымдық жерлермен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Биыл жал­пы ауданы 20,2 мың гектар пайдаланылмай жатқан жайылымдық жерді 6 елді мекенге (4 ауылдық округ) беру бо­йынша жұмыстар жүр­гізілуде, оның ішінде Теңдік ауылдық округінде (Кантемир, Тең­дік ауылдары) 7,6 мың гектарға, Большой Изюмде (Ок­тябрьское, Большой Изюм ауылда­ры) 1,6 мың гектарға, Алаботада (Ақ­құ­дық ауы­лы) 9,5 мың гектарға, Чка­лов ауыл­дық округінде (Чкалов ауы­лы) 1,5 мың гектарға кеңейтіледі.

Облыс әкімдігі мен басқа да атқарушы билік өкілдері пайдала­нылмай жатқан ауыл шаруашы­лы­ғы мақсатындағы жерлерді иемде­ніп отырғандармен арадағы бұрын жа­салған шарттарды бұза отырып, оны мемлекет меншігіне қайтару және тұрғындардың төрт түлігін жа­йылыммен қамтамасыз ету бойын­ша барлық шараларды қабыл­дайды.

Мейрам МЕҢДІБАЕВ,

облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp