Шайбалы хоккейден ел біріншілігі аясында командалардың плей-офф ойындарында жерлестеріміз өз мұз айдынында “Сарыарқа” клубын қабылдады. Бұған дейін Қарағандыда өткен кездесуде солтүстікқазақстандық ұжымы қарсыластарына екі мәрте есе жіберген болатын. Осы жолы да құлагерліктер жеңілістің ащы дәмін татты.
Петропавлдың Спорт сарайында өткен ойында жерлестерімізге жеңіс ауадай қажет болды. Сондықтан болар, қорғанысты ұмыт қалдырып, шабуылға көп көңіл бөлді. Салдарынан кездесуде бірінші болып, өз қақпаларына алғашқы шайбаны өткізіп алды. Нәтижелі соққының авторы – “Сарыарқа” ойыншысы Александр Шин. Кейін құлагерліктер сапында Владимир Волков көзге түсіп, ол көп ұзамай дубль соқты. Қонақтар да қарап қалмады, таразы басын Владислав Сайко теңестірді. Кейін де қарағандылықтар есепте алға шықты. Александр Шин тағы да шайбаны қақпаға дәл дарытты. Бірінші кезеңнің аяқталуына санаулы минуттар қалғанда Илья Камбулов есепті 3:3-ке дейін жеткізді.
Ойынның екінші кезеңінде құлагерліктер сапында Артем Пылаев жерлестерімізді есепте алға шығарды. Қарағандыдан келген команданың ойыншылары да өз мүмкіндіктерін пайдаланып, әр қауіпті шабуылдан соң нәтижелі соққылар жасады. Бұл кезеңде 4:6 есебімен жеңіс “Сарыарқа” клубының пайдасына шешілді.
Үшінші кезеңде Захар Пархоменко мен Арсений Борисов кездесудегі соңғы шайбыларын қақпаға дарытты. Осылайша 4:8 есебімен кезекті рет жерлестеріміз плей-оффтың кезекті сынында жеңілді.
Аманжол НҰРТАЗИН,
“Soltüstık Qazaqstan”.