«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Ақпан 22, 2023

Мағжанның портреті

Облыстық тарихи-өлкетану му­зейіндегі құнды жәдігерлердің бірі – жыр әлеміндегі жарық жұл­дыз Мағжан Жұмабаевтың порт­реті. Оны қорға Қазақстан Республика­сы Мәдениет министрлігінің “Мә­дениет қайраткері” белгісінің иеге­рі Разипа Алпысбайқызы Тәженова құрметті демалысқа кетерінде сыйға тартыпты (6 желтоқсан, 2021 ж.). Разипа апамыздың айтуынша, М.Жұмабаевтың бұл суретін Су­рет­шілер одағының мүшесі Ма­ғауия Аманжолов ақынның 100 жыл­­дығына орай тапсырыспен сал­ған екен. Той …

Мағжанның портреті Read More »

Ана да, бала да дін аман

Петропавлдағы перинаталдық орталықтың дәрігерлері жүктілік барысында дерті асқынған әйелге төрт сағат ота жасап, өзін де, құрсақтағы баласын да аман алып қалды. Облыстық көпбейінді аурухана перинаталдық орталығының мәлі­метінше, жүкті келіншектің эпигаст­рия аумағы, яғни кіндік тұсының жоғары жағы бұрап ауырып, дәрігер­лерге жүгінген. Қымбат уақытты өткізіп алмау үшін мамандар бірден ота жасауға ұйғарады. “Көп жағдайда жүкті әйелдерде ауру …

Ана да, бала да дін аман Read More »

ҮШІНШІ ОЙЫН – ҮШІНШІ ЖЕҢІЛІС

Шайбалы хоккейден ел біріншілігі аясында командалардың плей-офф ойындарында жерлестеріміз өз мұз айдынында “Сарыарқа” клубын қабылдады. Бұған дейін Қарағандыда өткен кездесуде солтүстікқазақстандық ұжымы қарсыластарына екі мәрте есе жіберген болатын. Осы жолы да құлагерліктер жеңілістің ащы дәмін татты. Петропавлдың Спорт са­ра­йын­да өткен ойында жерлестері­мізге жеңіс ауадай қажет болды. Сон­дық­тан болар, қорғаныс­ты ұмыт қалдырып, шабуылға көп көңіл бөлді. …

ҮШІНШІ ОЙЫН – ҮШІНШІ ЖЕҢІЛІС Read More »

Алғашқы түлектер

М.Қозыбаев атындағы Сол­түстік Қазақстан универси­тетінде бейіндік магист­рант­тар­дың алғашқы қоштасу кеші өтті. Түлектердің барлы­ғы жұ­мыс істейтін мамандар, олар үшін магистратурада оқу – ман­сап жолының жаңа са­тысы. Өткен жылы университеттің ма­мандандырылған магистратураны ашу туралы бастамасы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі тарапынан қолдау тапты. Инженерлік және агротех­но­логиялық бағыттарға гранттар бөлін­ді. Осылайша 16 адам жаңа үлгідегі дипломға …

Алғашқы түлектер Read More »

Сәбилер жүзіндегі қуаныш

Қазақстан Республикасы Ұлт­тық қауіпсіздік комитеті Солтүстік Қа­зақстан облысы бойынша департаментінің қызметкерлері Полудино балалар үйінің тәрбиеленушілерін “Green park”-ке алып барды. Саябақ әкімшілігінің қолдауымен жеткіншектер үшін лимитсіз ба­нан аттракциондары ұйымдастыры­­лып, понимен серуендеді. Саябақта балалар уақыттарын қы­зықты өткізіп, бір сергіп қалды. Көңілдері көтеріліп, асыр сала ойнады. Қазақта “Жетім көрсең – жебей жүр” деген сөз бар. Жалпы департа­мент өкілдері …

Сәбилер жүзіндегі қуаныш Read More »

Ауруханаға жеткізуге көмектескен

“Жылдам әрекет етіп, көмек көр­сеткендеріңіз үшін алғысымыз шек­сіз. Біз сіздерге ризамыз”. Осындай алғыс сөздер патрульдік полиция батальонының қызметкері Ерқанат Еркіновке “WhatsApp” мессенджері арқылы келіп түскен. Ол жексенбі күні жанындағы серіктесі Асиман Мирзоевпен бірге “Челябі – Новосі­бір” автожолында жол қозғалысын бақылап жүрген. Осы жол­дың 537 шақырымында “Chevrolet Aveo” көлігін жүргізіп келе жатқан Қы­зылжар ауданындағы Пеньково ауы­лының …

Ауруханаға жеткізуге көмектескен Read More »

Күтпеген көктайғақ

Облыс аумағында күннің күрт жы­лынып, жаңбыр жаууына, қатты жел­дің тұруына атлантикалық циклон әсер етуде. “Қазгидромет” республикалық мемлекеттік кәсіпорны облыстық фи­лиалының мәліметінше, ауа райын­дағы өзгеріс туралы тұрғындарға алдын ала ескертілген. Хабарламада 23 ақпан күні жауын-шашынның – жаңбыр, қардың жауатындығы жө­нінде, қатты көктайғақ және өңірдің оңтүстік, батыс, солтүстігінде қатты бұрқасын болатындығы айтылған. Оңтүстік-оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні күндіз …

Күтпеген көктайғақ Read More »

Талаптары таудай

Оқушылар сарайында респуб­ликалық жас музыканттар байқа­уының облыстық кезеңі өтті. Бай­қауға өңірдегі өнер мектептері мен музыка үйірмелерінің шәкірттері қа­тысты. Талапкерлер класси­калық және заманауи музыкалық туын­дыларды орындап, сынға түсті. Ұйымдастырушылар осындай до­далар арқылы жастардың бо­йындағы музыкаға деген қызы­ғу­шы­лықты арттырып, шығармашы­лығын дамытуды, өнер мектепте­рінің жұ­мысына серпін беруді мақ­сат етіп отырғандарын айтады. Фес­тиваль-байқау қатысушылары екі аталым бо­йынша өзара өнер …

Талаптары таудай Read More »

ВИРТУАЛДЫ ӘЛЕМНІҢ МҮМКІНДІКТЕРІ

ХХІ ғасыр – ғылыми-техникалық прогрестің қарыштайтын дәуірі болмақ. Ақпараттық технологиялар адамға жаңа мүмкіндіктер сыйлап, өмір салтымызды өзгертуде. Зама­науи құрал-жабдықтар көптеген са­лада жаңа бетбұрыс жасады. Бұ­рын дәстүрлі жолмен табыс тауып кел­гендер енді өз жұмыстарын қайта қарай бастады. Осынау жаһандық үдерістен бизнес те шет қалған жоқ. Сондықтан да мен ойланбастан өз бизнесімді жаңа технологиялармен байланыстыруды жөн көрдім. …

ВИРТУАЛДЫ ӘЛЕМНІҢ МҮМКІНДІКТЕРІ Read More »

“IPhone” алдым мінекей…

Нарық өз дегенін істетіп тұр. Қан­ша ақылды десек те, адам баласы қызылды-жасылды жарнама мен көздің жауын алатын тауарлардың алдында әлсіздік танытуда. Санаға әсер етіп, ақылға ерік бермейтін мар­кетингтің әсері мұншалық күшті бо­лар деп кім ойлаған? Шамадан тыс дүниені тұтынып, шашыла шы­ғын­дану – тек біздің ғана емес, барлық мемлекеттің басында бар жайт. Әсіресе өркениетті елдердің тұр­ғын­дары …

“IPhone” алдым мінекей… Read More »

Сахна — сырлы әлем

Өңірімізде сахна өнеріне қызығу­шылық танытатын жастардың саны артып келеді. Шығармашыл жандар қабілетін шыңдап, өздерін өнердің биік шыңынан көрсету үшін арнайы білім алулары керек. Ізденіспен, ең­бекпен шыңдалған бойдағы дарын кім­ді де болсын биікке бастайды. Әсі­ресе сахна өнерін бағындыру үшін ұзақ дайындалып, кәсіби мамандар­дан тәлім алу маңызды. Осы жолда жастарға бағыт-бағдар беріп, жол көрсететін үйірмелер аз емес. …

Сахна — сырлы әлем Read More »

Әлеуметтік нысандардың қатары артпақ

Өңір басшысы Айдарбек Сапаров облыс орталығындағы құрылыс нысандарын аралап, әлеуметтік нысандарды салудың жаңа жобаларымен танысты. “Жас өркен” шағынауданында ескі үйлер сүрілгеннен кейін балабақша мен мектептің құрылысы басталады. Сондай-ақ “Береке” шағынауданында түзету мектебін, дене шынықтыру-сауықтыру кешенін, балабақша және орта мектептің құрылысын салу үшін жер телімдері белгіленді. Өңір басшысы тиісті мемлекеттік органдарға барлық дайындық жұмыстарын уақытында аяқтап, …

Әлеуметтік нысандардың қатары артпақ Read More »

Саяси науқанның талаптары түсіндірілді

С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада 19 наурызға тағайындалған Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары сайлауын жоғары деңгейде ұйымдастыруға және өткізуге арналған көшпелі семинар өтті. Оның жұмысына Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров, комиссия мүшесі Сабила Мұстафина, аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары мен хатшылары, аудандық және қалалық әкімдік аппараттарының басшылары, электораттық оқытудың тренерлері, саяси партиялардың …

Саяси науқанның талаптары түсіндірілді Read More »

Конституциялық соттың мәртебесі айрықша

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында елімізде Конституциялық сот институты біршама уақыт жұмыс істеген. 1991 жылы 16 желтоқсанда “Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы” Заң Конституциялық сотты Ата Заңымызды сот арқылы қорғаудың жоғары органы ретінде бекітіп, 1992 жылы 6 маусымда қабылданған “Қазақстан Республикасының Конституциялық соты туралы” және “Конституциялық сот ісін жүргізу туралы” Заңдардан кейін өз жұмысын бастаған болатын. 1995 …

Конституциялық соттың мәртебесі айрықша Read More »

Кезекті белден басқан қалалық әкімдіктегілер 1500 пәтерді бақылаусыз берген бе?

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында “Жемқорлықтың алдын алудың тиімділігі” тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті. Оған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің басшысы Сергей Перов қатысып, атқарылған жұмыстар жайлы баяндама жасады. Бұған дейін агенттік әр өңірге арнап тәуекел картасын әзірлеген. Өңірдегі департамент те аталған карта аясында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша бірқатар жұмыстар атқарған. Өткен жылдың өзінде …

Кезекті белден басқан қалалық әкімдіктегілер 1500 пәтерді бақылаусыз берген бе? Read More »

Заңсыз акт, орашолақ шешім

Өңірімізге медициналық жабдықтар жеткізумен айналысатын кәсіпорынға өзінің кінәсіздігін дәлелдеу үшін сотқа арыздануға тура келді. 2020 жылы коронавирустық инфекциядан туындаған пандемияға байланысты Қазақстанда төтенше жағдай режімі енгізіліп, Үкімет “Мемлекеттік сатып алудың арнайы тәртібін белгілеу туралы” қаулы шығарған болатын. Тамыз айында төрт медициналық мекеме бір көзден, яғни конкурс өткізбей-ақ, тауар жеткізушіні өз қалауымен таңдау арқылы “Atlas Medical …

Заңсыз акт, орашолақ шешім Read More »

“Өлең – жүректің ісі”

Қазіргі қазақ поэзиясының көшін алға сүйреп келе жатқан ақын қыздардың бірі – Төлеген Айбергенов атындағы әдеби сыйлықтың иегері Танакөз Толқынқызы. Ақынның жуырда облыстық “Soltüstık Qazaqstan” газетінің редакциясында қонақ болып, тілшілер қауымымен кездескенін басылымның өткен сандарында жариялаған болатынбыз. Қаламгермен болған әңгімені назарларыңызға қаз-қалпында ұсынып отырмыз. – Танакөз Толқынқызы, негізін Алаштың Смағұл Сәдуақасов, Мағ­жан Жұмабаев сынды ардақты­ла­ры …

“Өлең – жүректің ісі” Read More »