Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің қызметкерлері Полудино балалар үйінің тәрбиеленушілерін “Green park”-ке алып барды.
Саябақ әкімшілігінің қолдауымен жеткіншектер үшін лимитсіз банан аттракциондары ұйымдастырылып, понимен серуендеді. Саябақта балалар уақыттарын қызықты өткізіп, бір сергіп қалды. Көңілдері көтеріліп, асыр сала ойнады.
Қазақта “Жетім көрсең – жебей жүр” деген сөз бар. Жалпы департамент өкілдері әр мереке сайын өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілерін назардан тыс қалдырмайды. Сыйлықтарын, тәттілерін алып барып, бүлдіршіндерді қуантуға асығып тұрады. Ал осы жолы еш себепсіз бір топ ұл-қызды серуенге алып шықты.