«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Сәбилер жүзіндегі қуаныш

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстан Республикасы Ұлт­тық қауіпсіздік комитеті Солтүстік Қа­зақстан облысы бойынша департаментінің қызметкерлері Полудино балалар үйінің тәрбиеленушілерін “Green park”-ке алып барды.

Саябақ әкімшілігінің қолдауымен жеткіншектер үшін лимитсіз ба­нан аттракциондары ұйымдастыры­­лып, понимен серуендеді. Саябақта балалар уақыттарын қы­зықты өткізіп, бір сергіп қалды. Көңілдері көтеріліп, асыр сала ойнады.

Қазақта “Жетім көрсең – жебей жүр” деген сөз бар. Жалпы департа­мент өкілдері әр мереке сайын өмір­лік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығының тәр­биеленушілерін назардан тыс қалдырмайды. Сыйлықтарын, тәтті­лерін алып барып, бүлдіршіндерді қуантуға асығып тұрады. Ал осы жолы еш себепсіз бір топ ұл-қызды серуенге алып шықты.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp