«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Талаптары таудай

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Оқушылар сарайында респуб­ликалық жас музыканттар байқа­уының облыстық кезеңі өтті. Бай­қауға өңірдегі өнер мектептері мен музыка үйірмелерінің шәкірттері қа­тысты. Талапкерлер класси­калық және заманауи музыкалық туын­дыларды орындап, сынға түсті.

Ұйымдастырушылар осындай до­далар арқылы жастардың бо­йындағы музыкаға деген қызы­ғу­шы­лықты арттырып, шығармашы­лығын дамытуды, өнер мектепте­рінің жұ­мысына серпін беруді мақ­сат етіп отырғандарын айтады. Фес­тиваль-байқау қатысушылары екі аталым бо­йынша өзара өнер жа­рыстырды. Өнерлі балғындардың бір тобы фортепианода жеке шы­ғарма орындаса, бір тобы хорда ән салды. Қазылар ал­­қасы олардың өнерін 7-9 және 10-12 жас санат­тары бойынша бағала­ды.

М. Қозыбаев атындағы Солтүс­тік Қазақстан университеті, өнер кол­лед­жінің оқытушылары, Ақан сері атындағы облыстық фи­лармония­ның әртістерінен құралған қазылар алқасының шешімімен кіші жас то­бында “Мерей” өнер мектебінің оқу­шысы Ангесса Лукаш­кина жеңімпаз атанса, орта жас тобында да аталмыш мектеп шә­кірті Дария Кәсен үздік деп та­нылды. Ал “Хор ұжымда­ры” аталымында №8 эстетикалық тәрбие орта мектеп-кешенінен құ­рал­ған топ төрге озды. Облыстық бай­қау жеңімпаздары алдағы уа­қытта өңір намысын республикалық фес­тивальда қорғайтын болады.

Айшагүл ӘШІМОВА,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp