Өңір басшысы Айдарбек Сапаров облыс орталығындағы құрылыс нысандарын аралап, әлеуметтік нысандарды салудың жаңа жобаларымен танысты.
“Жас өркен” шағынауданында ескі үйлер сүрілгеннен кейін балабақша мен мектептің құрылысы басталады. Сондай-ақ “Береке” шағынауданында түзету мектебін, дене шынықтыру-сауықтыру кешенін, балабақша және орта мектептің құрылысын салу үшін жер телімдері белгіленді.
Өңір басшысы тиісті мемлекеттік органдарға барлық дайындық жұмыстарын уақытында аяқтап, көктемде әлеуметтік нысандардың құрылысын бастауды тапсырды.