«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҮШІНШІ ОЙЫН – ҮШІНШІ ЖЕҢІЛІС

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Шайбалы хоккейден ел біріншілігі аясында командалардың плей-офф ойындарында жерлестеріміз өз мұз айдынында “Сарыарқа” клубын қабылдады. Бұған дейін Қарағандыда өткен кездесуде солтүстікқазақстандық ұжымы қарсыластарына екі мәрте есе жіберген болатын. Осы жолы да құлагерліктер жеңілістің ащы дәмін татты.

Петропавлдың Спорт са­ра­йын­да өткен ойында жерлестері­мізге жеңіс ауадай қажет болды. Сон­дық­тан болар, қорғаныс­ты ұмыт қалдырып, шабуылға көп көңіл бөлді. Салда­рынан кезде­суде бірінші болып, өз қақпаларына алғашқы шайбаны өткізіп алды. Нәтижелі соққының авторы – “Сарыарқа” ойыншысы Александр Шин. Кейін құла­гер­ліктер сапында Владимир Вол­ков көзге түсіп, ол көп ұзамай дубль соқты. Қонақтар да қарап қалмады, таразы ба­сын Владислав Сайко те­ңестірді. Кейін де қарағандылықтар есепте алға шықты. Александр Шин тағы да шайбаны қақпаға дәл дарытты. Бі­рінші кезеңнің аяқта­луына санаулы минуттар қалғанда Илья Камбулов есепті 3:3-ке дейін жеткізді.

Ойынның екінші кезеңінде құ­ла­герліктер сапында Артем Пы­лаев жерлестерімізді есепте алға шығарды. Қарағандыдан келген ко­манданың ойыншылары да өз мүм­кіндіктерін пайдаланып, әр қауіпті шабуылдан соң нәтижелі соққылар жасады. Бұл кезеңде 4:6 есебімен жеңіс “Сарыарқа” клубының пайда­сына шешілді.

Үшінші кезеңде Захар Пархомен­ко мен Арсений Борисов кезде­судегі соңғы шайбыларын қақпаға дарытты. Осылайша 4:8 есебімен кезекті рет жерлестеріміз плей-оффтың кезекті сынында жеңілді.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp