«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Медициналық көмекке көңілі толмайтындар бар

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс әкімінің орынбасары Дәурен Жандарбектің қатысуымен өткен жиында денсаулық сақтау саласында атқарылған жұмыстар қорытындыланып, алдағы жоспарлар турлы айтылды. Сонымен қатар саладағы түйткілді мәселелер де талқыланды.

Денсаулық сақтау саласына мемлекет тарапынан ерекше назар аударылуда. Дәурен Жан­дарбектің айтуынша, соған қа­ра­мастан тұрғындардан келіп түсетін шағымдар азаяр емес. Мәселен, №3 қалалық емхана­дағы көрсетілетін медициналық көмектің сапасыздығына көңіл­дері толмайтындар бар. Емдеу мекемесі бір ауысымда 500 нау­қасты қабылдай алады. Бар­лығы 44 учаске болса, соның әр­қайсысына 1681 адамнан ке­леді. Емханаға 71779 тұрғын тір­келген.

– Бізде амбулаториялық-емханалық, стационарды ал­мас­тыратын, жоспарлы немесе шұғыл стоматологиялық көмек, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, клиникалық-диагностикалық, халықтың нысаналы топ­тарын профилактикалық медициналық тексеру қызметтері көрсетіледі. Өткен жылы емдеу мекемесі 20 маманмен толық­ты. Әлі де 6 дәрігер – ересектер мен балалар кардиологы, аку­шер-гинеколог, пульмонолог, үш жалпы тәжірибе дәрігері қа­жет. 2022 жылы гастрови­деоскоп, колоновидеоскоп, 2 ультрадыбыстық зерттеп аппа­раты, 2 стоматологиялық қон­дырғы, рентгендік диагности­ка­лық кешен, 2 БТЛ аппараты сатып алынды. Үстіміздегі жыл­дың наурыз айынан бастап 8 учас­кені жаңа корпусқа ауыстыру жоспарлануда, – дейді №3 қалалық емхананың бас дәрі­гері Асхат Өтебаев.

Жиында әлеуметтік сақ­тандыру қорының жұмысы жай­лы да айтылды. Үстіміздегі жы­лы қор 51 медициналық ұйым­мен жалпы сомасы 64,6 млрд. теңгені құрайтын шарттар жа­сас­қан. Әлеуметтік медицина­лық сақтандыру қоры облыстық филиалының директоры Ла­риса Гордееваның айтуынша, көр­сетілген медициналық кө­мектің көлемін негізсіз асырып көрсету сияқты кемшіліктер анықталған. Сақтандырылма­ғандар санын азайту да – не­гізгі міндеттердің бірі.

– Қордың ішкі бақылауы аясында барлық аумақтық фи­лиалдар бойынша жер-жерде кешенді тексерулер ұйым­дас­тырылды. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі сақтандырылған аза­маттардың үлесін 2023 жылы 82 пайызға жеткізуіміз тиіс, – деді қор жетекшісі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp