«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Боранда қалған балықшылар

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Тайынша ауданының 44 және 24 жастағы екі тұрғыны облыстың ірі су айдындарының бірі – Шағала­лы көліне балық аулауға барған. Алай­да түнде қарлы боран баста­лып, олар үйлеріне оралмақ бола­ды. Бі­рақ “ВАЗ-2110” көлігі қа­лың қардан өте алмай, батып қал­ған. Таңертең ерте телефон арқылы көмекке шақырған.

Аудандық полиция бөлімінен ха­бар алған соң, учаскелік инс­пектор­лар Ерлан Ыбыраев пен Талғат Бей­сенбаев жолға шыққан. Олармен бірге көлді және оның айналасын жақсы білетін Чер­мошнянка ауы­лы­­ның 48 жастағы тұрғыны Николай Долиненко да барады. Олар әлсіре­ген балықшы­ларды тауып ал­ған. Жолды та­залап, балықшыларды жағаға шығарған. Сол күні ауыл тұрғында­ры полиция қызметкер­лері мен жер­лесіне, облыстық полиция департа­ментінің бастығы, полиция пол­ковнигі Айдын Қабдұлди­новтің атына алғысын жеткізді.

Игорь МЕРЦАЛОВ,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің жетекші маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp