«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Ақпан 24, 2023

Тым еркінсітіп жібердік

Петропавл қаласындағы №4 мек­тепте орын алған қайғылы оқиға бәрімізді үлкен ойға қалдырды. Мұн­дай жағдай басқа білім ошақта­рында орын алмайды деп ешкім кепілдік бере алмасы анық. Мұның өзі мақалада жазылғандай, көп жыл бойы қордаланған проблемалар­дың түп-тамырын тереңдей зерде­леудің орнына бетін ғана қалқып кел­генімізді айғақтап берді. Енді әңгі­мені сан-саққа жүгіртіп, кінәліні ізде­генше, балалардың алаңсыз оқуын қалай қамтамасыз …

Тым еркінсітіп жібердік Read More »

Шәкірт жүрегіндегі ұстаз

Сүйікті ұстазыңды есіңе алып ойлағанда ет-жүрегің елжіреп, әлдеқайдан жаныңа бір жылы шуақ құйылып, көл-көсір мейірімге бөленетін кез болады. Сірә, бұл шәкірттің ұстазына деген құрметі, ризашылығы шығар. Шәкірт жүрегіне енген ұстаз – ең аяулы, ең қадірлі ұстаз. Өз басым өмірде ұстаздан жолы болған адаммын. Қолыма қалам ұстаған жылдары көпке танылып, қандай да бір жетістікке жетіп жатсам, …

Шәкірт жүрегіндегі ұстаз Read More »

Ел бойынша төртіншіміз

2022 жыл – өңіріміздің ауыл шаруашылығы саласы үшін табысты болды. Өріс малға, қамба астыққа толды. Ауыл, орман, балық шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 1117,2 млрд. теңгені құрап, нақты өсім 112,2 пайызға жетті. Өсу қарқыны бойынша облысымыз ел бойынша төртінші орында. Бұл туралы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының облыстық департаменті басшысының орынбасары Марал Нұржауыпова …

Ел бойынша төртіншіміз Read More »

ҚЫЛМЫСТЫҢ АЛДЫН АЛУ – МІНДЕТ

Облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Айдын Қабдұлдинов “Facebook” әлеуметтік желісінің тікелей эфирінде онлайн-есеп берді. Ол тұр­ғындарды 2022 жылғы жедел-қызметтік жұмыстың қорытын­дылары туралы хабардар етіп, солтүстікқазақстандық тәртіп сақшыларының алдына қойылған басым бағыттар мен жоспарлар туралы айтып берді. Талдауға сәйкес, еліміздегі тір­келген барлық қылмыстардың үш па­йызы біздің облыстың үлесінде. Өңірдегі жедел жағдай тұрақты, соңғы сегіз жыл …

ҚЫЛМЫСТЫҢ АЛДЫН АЛУ – МІНДЕТ Read More »

БОС ЛАУАЗЫМДАР АЗАЙДЫ

Облыстық мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы Елена Степаненко өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мемлекетік қызмет саласындағы базалық көрсеткіштер мен атқарылып жатқан реформалардың негізгі бағыттары туралы баяндап берді. Ведомство мүдделі органдармен бірлесе отырып, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейлерін арттыру бағытында кешенді жұмыстар атқарып келеді. Бүгінде өңіріміздегі мемлекеттік қызмет жүйесінде 4 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Жергілікті атқарушы …

БОС ЛАУАЗЫМДАР АЗАЙДЫ Read More »

ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте облыстың энергетикалық кешенінің дамуы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында атқарылған жұмыстар жайы сөз болды. Оған облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Павел Шилов қатысып, тілшілер қойған сауалдарға жауап берді. Ол өткен жылы жөнделген энергетикалық кешендер туралы айтты. Өткен жылы бұл мақсатқа 15 млрд. теңге жұмсалған. Петропавлдағы …

ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ Read More »

Берешекті өтеудің оңтайлы тәсілі

Мемлекет басшысы 2022 жылы 22 желтоқсанда “Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы” Заңға қол қойған болатын. Заң ресми жарияланғаннан кейін 60 күн өткен соң әрекет ете бастайтынын ескерсек, 3 наурыздан бастап өз күшіне енеді. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері өткізген семинарда жан-жақты айтылып, заң нормаларының жаңа қағидаттары кеңінен түсіндірілді. Алқалы …

Берешекті өтеудің оңтайлы тәсілі Read More »

Үш оқушы грант иегері

Назарбаев зияткерлік мектебі­нің үш оқушысы – Олжас Құсайын, Нұрсат Керей және Айсана Басаға­ринова Азия құрлығының үздік жо­ғары оқу орындарының гранттарын иеленіп, City University of Hong Kong (CityU) университетін таңдады. Гон­конг қалалық университеті жоғары оқу орындарының әлемдік рейтин­гінде (World QS Ranking) 54-ші, университеттердің Азиялық рейтин­гінде 23-ші орында. Ғылыми-зерт­теу үрдісі жағынан да әлемдік дең­гейде қарқынды дамып келеді. …

Үш оқушы грант иегері Read More »

Өнерлі өрен

Жерлесіміз Ирина Мишунина халықаралық байқауда Гран-при иеленді. Сайыс Алма­тыдағы Чайковский атындағы музыкалық колледжде өткен. Оған Қазақстанның түкпір-түкпірінен дарынды бүлдір­шіндер жиналды. – Аталмыш өнер додасында топ жарғанымды естігенде төбем көкке жеткендей болды. Ерекше әсер алып қайттым. Бұл ұмы­тылмас естелік болып қалары анық, – дейді сайыс жеңімпазы. Жеткіншектер хореография, хор, вокал, аспаптарда ойнау бо­йынша бақтарын сынады. Біздің …

Өнерлі өрен Read More »

“Тез тап” зияткерлік ойыны

Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы “Ха­лықаралық “Қазақ тілі” қоғамы” қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалымен бірлесіп “Білімді мыңды жығады” тақырыбында “Тез тап” командалық зияткерлік ойынын өткізді. Ұйымдастырушылар өлкенің та­ри­хынан сыр шертетін мәдени ошақ – облыстық тарихи-өлкетану музейінде командалардың басын қосты. Ойынға облыстық полиция департаментінен, “Қазпошта” акцио­нерлік қоғамының облыстық филиалынан, қала мектептерінің қа­зақ тілі мұғалімдерінен іріктелген …

“Тез тап” зияткерлік ойыны Read More »

Боранда қалған балықшылар

Тайынша ауданының 44 және 24 жастағы екі тұрғыны облыстың ірі су айдындарының бірі – Шағала­лы көліне балық аулауға барған. Алай­да түнде қарлы боран баста­лып, олар үйлеріне оралмақ бола­ды. Бі­рақ “ВАЗ-2110” көлігі қа­лың қардан өте алмай, батып қал­ған. Таңертең ерте телефон арқылы көмекке шақырған. Аудандық полиция бөлімінен ха­бар алған соң, учаскелік инс­пектор­лар Ерлан Ыбыраев пен Талғат …

Боранда қалған балықшылар Read More »

Елден шығарылды

Үстіміздегі жылғы 20 ақпаннан кө­ші-қон қызметінің мамандары “Миг­рант” жедел-алдын алу іс-шарасын өткізуде. Оның мақ­са­ты – көші-қон заңнамасын бұзушы­лықтардың жолын кесу. Алғашқы үш күн ішінде құқықтық тәртіп сақшы­лары облысымызда басқа мемлекет­тердің азаматтары тарапынан 45 заң бұ­зушылықты анықтады. Екі жағдайда Қазақстанның визалық режімін бұзған Германия және Түрікмен­стан. елдерінің тұрғындары анықталды. Олар рұқсат етілген мерзімді асы­рып жіберген. Сонымен …

Елден шығарылды Read More »

Мас жүргізушілер азаймай тұр

Апаттылықты азайту, ауыр зар­даптарға алып келуі мүмкін жол-кө­лік оқиғаларын болдырмау. “Мас жүргізуші” жедел-алдын алу іс-шарасы шеңберінде полицейлердің ал­дына осындай міндеттер қойылды. Күшейтілген тексерулердің нәти­же­сінде бес күн ішінде 22 мас жүргізуші анықталды. Қазір тәртіп бұзушылар әкімшілік қамау түріндегі жазала­рын өтеп жатыр және келесі жеті жыл ішінде оларға көлік жүргізуге тыйым салынады. Сондай-ақ тексе­ру барысында жолаушыларды заң­сыз …

Мас жүргізушілер азаймай тұр Read More »

Қар астындағы мәйіт

Ғабит Мүсірепов атындағы аудан­ға қарасты Янко станциясынан Жа­ңасу ауылына түс кезінде 45 жас­тағы ер адамның жаяу шығып кетіп, содан ұшты-күйлі жоғалғаны белгілі болған. Полиция қызметкерлері, құт­қарушылар, еріктілер және жергілікті тұрғ­ындар арасынан үш жедел-із­дестіру тобы құрылыпты. Іздеу жұ­мыстарына жол талғамайтын көлік пайдаланылған. 20 ақпан күні Жаңасу ауылынан үш шақырым жерде жоғалған адам­ның денесі қардың астынан табыл­ды, …

Қар астындағы мәйіт Read More »

“Көкте – Күнмін, көпке нұрым шашамын…”

Облыс әкімі Айдарбек Сапаров қазақтың біртуар перзенті, арқалы ақын Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдық мерейтойына арналған “Мен жастарға сенемін!” атты челленджге қатысып, Алаш ардақтысының “Мен кім?” деген өлеңін мәнерлеп оқып берді. “Биыл қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, Алаш қайраткері, жерлесіміз Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толады. Осыған орай, Мағжан Жұмабаев ауданының оқушысы Жасмин Қалдыбек “Мен жастарға сенемін” …

“Көкте – Күнмін, көпке нұрым шашамын…” Read More »

БИЗНЕСТЕГІ ӘРІПТЕСТІК

Солтүстік Қазақстан облыстық кәсіпкерлер палатасының басшылығы Францияның Қазақстан мен Қырғызстан бойынша экономикалық өкілдігінің басшысы Фредерик Фатумен кездесті. Өңірге жұмыс сапарымен келген шетелдік мейман теріскей бизнесмендерімен экономикалық байланысты нығайтуға мүдделі екенін жеткізді. Кездесу барысында жергілікті бизнесмендердің Франция мемлекетімен ынтымақтастық орнату мәселелері талқыланды. Облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Тимур Бекеевтің айтуынша, екі ел арасында сауда-экономикалық байланыс жақсы жолға …

БИЗНЕСТЕГІ ӘРІПТЕСТІК Read More »