Тайынша ауданының 44 және 24 жастағы екі тұрғыны облыстың ірі су айдындарының бірі – Шағалалы көліне балық аулауға барған. Алайда түнде қарлы боран басталып, олар үйлеріне оралмақ болады. Бірақ “ВАЗ-2110” көлігі қалың қардан өте алмай, батып қалған. Таңертең ерте телефон арқылы көмекке шақырған.
Аудандық полиция бөлімінен хабар алған соң, учаскелік инспекторлар Ерлан Ыбыраев пен Талғат Бейсенбаев жолға шыққан. Олармен бірге көлді және оның айналасын жақсы білетін Чермошнянка ауылының 48 жастағы тұрғыны Николай Долиненко да барады. Олар әлсіреген балықшыларды тауып алған. Жолды тазалап, балықшыларды жағаға шығарған. Сол күні ауыл тұрғындары полиция қызметкерлері мен жерлесіне, облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Айдын Қабдұлдиновтің атына алғысын жеткізді.
Игорь МЕРЦАЛОВ,
облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің жетекші маманы.