«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Елден шығарылды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Үстіміздегі жылғы 20 ақпаннан кө­ші-қон қызметінің мамандары “Миг­рант” жедел-алдын алу іс-шарасын өткізуде. Оның мақ­са­ты – көші-қон заңнамасын бұзушы­лықтардың жолын кесу. Алғашқы үш күн ішінде құқықтық тәртіп сақшы­лары облысымызда басқа мемлекет­тердің азаматтары тарапынан 45 заң бұ­зушылықты анықтады. Екі жағдайда Қазақстанның визалық режімін бұзған Германия және Түрікмен­стан. елдерінің тұрғындары анықталды. Олар рұқсат етілген мерзімді асы­рып жіберген. Сонымен қатар, 38 сол­түстікқазақстандық үш күн ішінде кө­ші-қон қызметіне шетелдіктерді қа­был­дағаны туралы хабарлама­ғаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Жедел – алдын алу іс-шарасы шеңберінде базарларда, құрылыс нысандарында, ауыл шаруашылығы құрылымдарында тексеру жүргізілу­де. Шетелдік жұмыс күшін заңсыз тар­тудың бес фактісі анықталды. Сон­дай-ақ іс-шараны өткізу кезеңінде Қазақстаннан сот шешімі бойынша екі шетелдік шығарылды, оның ішін­де Тайынша ауданының аумағында қос азаматтығы бар Ресей Федерациясының тұрғыны анықталды.

Талғат ӘБІЛОВ,

көші-қон қызметі басқармасының бастығы, полиция подполковнигі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp