Ғабит Мүсірепов атындағы ауданға қарасты Янко станциясынан Жаңасу ауылына түс кезінде 45 жастағы ер адамның жаяу шығып кетіп, содан ұшты-күйлі жоғалғаны белгілі болған. Полиция қызметкерлері, құтқарушылар, еріктілер және жергілікті тұрғындар арасынан үш жедел-іздестіру тобы құрылыпты. Іздеу жұмыстарына жол талғамайтын көлік пайдаланылған.
20 ақпан күні Жаңасу ауылынан үш шақырым жерде жоғалған адамның денесі қардың астынан табылды, зорлық белгілері анықталған жоқ. Өлімнің нақты себебі сот-медициналық сараптама нәтижелері бойынша анықталмақ. Қазіргі уақытта процедуралық тексеру жүргізіліп жатыр.
Әсет ҚАНАФИН.