26 ақпан күні Петропавл қалалық полиция басқармасының “102” жедел арнасына облыс орталығындағы көңіл көтеру орындарының бірінде ер адамның атыс жарақатын алғаны туралы хабарлама келіп түскен. 28 жастағы ер адамды жедел жәрдем бригадасы ауруханаға жеткізген, алайда ол алған жарақатынан қайтыс болды. Аталған факті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі “адам өлтiру” бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы қылмысты жасады деген күдікпен Қызылжар ауданының 34 жастағы тұрғыны ұсталды. Күдікті Петропавл қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Асхат РАЙҚҰЛ.