«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Ақпан 27, 2023

Төрт мектеп бой көтереді

Облыс әкімі Айдарбек Сапаров “Samruk-Kazyna Construction” акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Мәулен Айманбетовпен кездесіп, екеуара әңгіме барысында білім беру саласына қатысты бірқатар мәселелерді талқылады. Бұл туралы өңір басшысы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. “Бүгін “Samruk-Kazyna Construction” АҚ басқарма төрағасы Мәулен Айманбетовпен кездестім. “Samruk-Kazyna Construction” – еліміздегі “Жайлы мектеп” ұлттық жобасын жүзеге асырудың бірыңғай операторы. Ұлттық жоба …

Төрт мектеп бой көтереді Read More »

ӘЛЕМДІ МОЙЫНДАТҚАН ӘМІР

Солтүстікқазақстандық брейк-данс шебері Әмір Закиров Жапонияда өткен халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды. “Breaking for Gold” деген атаумен ұйымдастырылған жарыста топ жарған жерлесімізге облыс әкімі Айдарбек Сапаров құттықтау тілегін жолдады. Өңір басшысы әлеуметтік желіде ел абыройын асқақтатқан оның өнеріне тәнті болғанын жеткізіп, жылы лебізін білдірді. – Әмір Закиров Жапонияда өткен брейк-данс турнирінің жеңімпазы атанды. Оны беделді жарыстағы …

ӘЛЕМДІ МОЙЫНДАТҚАН ӘМІР Read More »

Ақынның мерейтойына арналды

Химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мекте­­­бі жерлес ақын Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына ар­нал­ған “Мен жастарға сенемін!” атты домбырашылар флешмо­­бын ұйымдастырды. “Достық Молл” сауда орталығында өткен әуезді кешке жиналған тұрғындардың қарасы қалың болды. Кеш шымылдығы “Мереке ду­ман” биімен ашылды. Мың бұралған бишілер жиналған қауымның көңілін көтеріп, қошеметке бөленді. Кейін ан­самбльдің орындауындағы халық күйі “Кеңес” пен Құрманғазының “Бал­бырауыны” …

Ақынның мерейтойына арналды Read More »

Миллион Назарға бұйырды

Қасиетті Қызылжар өңірінде дү­ниеге келіп, қазақ әдебиетінің дамуына зор үлес қосқан ақын­дардың қатарында Шал ақынның есімі ерекше аталады. Шал ақын (шын есімі Тілеуке) – XVIII ғасыр­дағы әдебиетіміздің ірі өкілдерінің бірі. Биыл туғанына 275 жыл то­латын тұлғаның шығармашылы­ғын жастар арасында кеңінен наси­хаттау мақсатында Ғабит Мүсі­репов атындағы балалар мен жас­өспірімдер кітапханасында “Мил­лион кімге бұйырады?” деген атау­мен зияткерлік …

Миллион Назарға бұйырды Read More »

“Алуа” топ жарды

С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының “Алуа” халық би ансамблі Түркістан қаласында өткен “BALA STAR” республикалық конкурс-фестивалінде 1 орын иегері атанды. Республикалық байқауға еліміз­дің түкпір-түкпірінен би ұжымдары қатысқан. Өңір намысын “Алуа” би ансамблі қорғады. Білікті хорео­графтардан құралған қазылар ал­қа­сы жерлестеріміздің өнерін жоға­ры бағалады. – Аталған республикалық фестивальге өңірімізден біздің ұжым қатысты. 6 қыздан тұратын тобы­мыз жеңімпаз …

“Алуа” топ жарды Read More »

Туған жердің кереметтері

Облыстық бейнелеу өнері му­зейінде суретші Вячеслав Смирновтың көрмесінің ашылуы өтті. Экспозицияда пей­заж және натюрморт жанрла­рында 55 көркем кескіндеме туындысы бар. Залға кірген адамның барлығы ақ қайыңдар мекеніне тап болғандай әсер алады. Облысымыздың көркіне айналған әсем мүсінді қайыңдар суретшінің көптеген шығармала­рына арқау болыпты. “Туған жер”, “Ормандағы кеш”, “Жазғы кеш” сын­ды туындыларынан автордың туған жерге деген ыстық …

Туған жердің кереметтері Read More »

Аманғалидің алтыны

Мысыр елінде грек-рим күресі­нен Ибраһим Мұстафа атын­дағы рейтингтік халықаралық турнир өтті. Жарыста солтүс­тікқазақстан­дық балуан Аманғали Бекболатов топ жарды. Боз кілемде ел намысын қорға­ған спортшылар екі алтын, екі күміс және үш қола медальға қол жеткізді. Жерлесіміз Аманғали Бекболатов 55 килограмм салмақта өнер көр­сетіп, алтыннан алқа тағынды. – Менің салмағымда Қазақ­станнан үш балуан болдық. Қарсы­ластарымның қатарында Үндістан, …

Аманғалидің алтыны Read More »

Өз еріктерімен тапсырған

Ақпан айының ортасында Пет­ро­павл қаласының 60 жастағы тұр­ғыны Айыртау ауданында бұрын қай­тыс болған туысының үйін жинау ке­зінде кереуеттің астынан екі ұңғылы мылтықты тауып алған. Бұрынғы иесінің қаруға рұқсат беру құжатта­ры болмаған. Ер адам табылған зат туралы дереу полицияға хабарла­ған. Қару тәркіленіп, сараптамаға жіберілді. Ендігі кезекте мамандар мәліметтер базасы бойынша тексе­ріп, оның оқ атуға жарамдылығын анықтауы …

Өз еріктерімен тапсырған Read More »

Ауруханада көз жұмды

26 ақпан күні Петропавл қала­лық по­лиция басқармасының “102” жедел ар­насына облыс орталығын­дағы көңіл кө­теру орындарының бі­рінде ер адам­ның атыс жарақатын алғаны туралы хабарла­ма келіп түскен. 28 жастағы ер адам­ды жедел жәрдем бригадасы ауруханаға жет­кізген, алайда ол алған жарақаты­нан қайтыс болды. Аталған факті Қа­зақстан Республикасы Қылмыс­тық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі “адам өлтiру” бойынша сотқа дейінгі тер­геп-тексерулердің бі­рың­ғай …

Ауруханада көз жұмды Read More »