«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Өз еріктерімен тапсырған

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ақпан айының ортасында Пет­ро­павл қаласының 60 жастағы тұр­ғыны Айыртау ауданында бұрын қай­тыс болған туысының үйін жинау ке­зінде кереуеттің астынан екі ұңғылы мылтықты тауып алған. Бұрынғы иесінің қаруға рұқсат беру құжатта­ры болмаған. Ер адам табылған зат туралы дереу полицияға хабарла­ған.

Қару тәркіленіп, сараптамаға жіберілді. Ендігі кезекте мамандар мәліметтер базасы бойынша тексе­ріп, оның оқ атуға жарамдылығын анықтауы керек. Одан екі күн бұрын 21 жастағы ауыл тұрғыны ИЖ-17 мылтығын тапсыру үшін Айыртау полицейлеріне жүгінген. Екі азамат та заңға сәйкес әрекет жасағаны үшін жауапкершіліктен толық босатылды.

Тұрлыбек ЖАМАЛИДЕНОВ,

Айыртау аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы, полиция подполковнигі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp