«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ауруханада көз жұмды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

26 ақпан күні Петропавл қала­лық по­лиция басқармасының “102” жедел ар­насына облыс орталығын­дағы көңіл кө­теру орындарының бі­рінде ер адам­ның атыс жарақатын алғаны туралы хабарла­ма келіп түскен. 28 жастағы ер адам­ды жедел жәрдем бригадасы ауруханаға жет­кізген, алайда ол алған жарақаты­нан қайтыс болды. Аталған факті Қа­зақстан Республикасы Қылмыс­тық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі “адам өлтiру” бойынша сотқа дейінгі тер­геп-тексерулердің бі­рың­ғай тізілімінде тіркелді.

Жедел-іздестіру іс-шаралары бары­­сында осы қылмысты жасады деген кү­дікпен Қызылжар ауда­ны­ның 34 жастағы тұрғыны ұсталды. Күдікті Пет­ропавл қа­лалық полиция басқармасы­ның уақытша ұстау изо­ляторына қа­малды. Бірқатар қажетті сараптама­лар тағайында­лып, тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Асхат РАЙҚҰЛ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp