«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жаңа тенденциялар

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

М. Қозыбаев атындағы Сол­түстік Қазақстан университе­тінде “Заманауи педагогикалық білім: ғылым мен тәжірибе ин­теграциясы” атты халықара­лық ғылыми-тәжірибелік кон­ференция өтті. Шараға Қазақ­стан, Ресей, Беларусь және АҚШ елдеріндегі жоғары оқу орында­рының өкілдері қашықтан қатыс­ты.

Конференция барысында тәжі­ри­беге бағдарлану, өмір бойы білім алу, инклюзия сынды ұстаздық білім берудегі жаңа тенденциялар қа­растырылды. Жергілікті университеттің академиялық мәселелер жөніндегі мү­шесі Рената Апергенова бүгінгі таң­да білім ордасының міндеті заманауи әлемдегі өзгерістерге жедел ден қою екенін атап өтті. Болашақ мұғалім­дерді дайындаудың бірыңғай рецепті жоқ. Ол курстың өтуіне қарай өзгере­ді. Ал кадр даярлауда стандартты емес, қызықты шешімдерді табу ма­ңызды.

“Биылдың өзінде білім беру жүйесіне бірқатар өзгерістер енгі­зілді. Мәселен, қазір студент-мұғалімдердің тәжірибесін университет ка­федралары емес, мектептердегі тә­лімгерлер бағалайды. Осылайша Қа­зақстанның жоғары оқу орындары оқытушылық қызметке практиктерді көбірек тарту мүмкін­дігіне ие болды”, – деді Рената Апер­генова.

Шарада Аризона университеті жа­нындағы білім колледжінің деканы да сөз сөйледі. Ол М.Қозыбаев атын­дағы Солтүстік Қазақстан универси­тетімен бірге “Білім берудегі психоло­гия” халықаралық бағдарламасына дайындалып жатқанын айтты. Кон­ференция жұмысы түстен кейін музыка, спорт, бастауыш және мектепке дейінгі білім беру, педагогика, оның ішінде арнайы және әлеуметтік бағдарлаудың өзекті мәселелері бойынша бес секциялық отырысқа ұласты.

Айнұр АЗБЕК,

М. Қозыбаев атындағы СҚУ-дың 4-курс студенті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp