«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мысырдан — қос қола жүлде

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мысырда грек-рим және әйелдер күресінен Мұстафа Ибраһим атындағы халықаралық рейтингтік турнир өтті. Байрақты бәсекеде ерлер арасында Данияр Кәленов, ал қыздардан Эльмира Сыздықова қола жүлдегер атанды.

Грек-рим күресінен Данияр Кә­ле­нов 72 килограмм салмақ дәре­жесінде сынға түсіп, турнирдің қола жүлдесін қанжығасына байлады. Ал әйелдер бәсекесінде ел намы­сын Айыртау ауданының тумасы Эльми­ра Сыздықова қорғады. Жерлесіміз аса ауыр салмақтағы спорт­шылар арасында белдесті. Солтүс­тікқазақ­стандық балуан бірінші кез­десуінде Францияның Синтия Вес­канды ұтып, ширек финалға жол­дама алды. Кейін қытайлық Жуан Вангпен күресіп, қарсыласына есе жіберді. Дегенмен жерлесімізге жұбаныш белдесуіне қатысуға мүмкіндік туып, Эльмира отанда­сымымыз Гүлма­рал Еркебаевае­мен сынға түсті. Қа­зақстандық ба­луандардың те­ке-тіресінде айыртау­­лық қыздың айы оңынан туды. Үшінші орын үшін та­­ласта ол үнді­стандық балуанмен кез­десіп, нәти­жесінде ұлттық құ­рама қоржынына тағы бір жүлде салды.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp