«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

И.Шухов атындағы қалалық орталық кітапхана жанындағы “Сана” әдеби-музыкалық клубының ұйымдастыруымен өткен “Қал­дыр­ған ізің мәңгілік” атты кеште “Күдер” ансамблі өнер көрсетті.

Клуб мүшелері ай сайын түрлі кездесулер өткізіп, өңірімізге есімі белгілі жандардың өмір жолдары­мен танысады. Бұл жолғы шара ан­самбль жетекшісі Тойкен Күдерова­ның шығармашылығына арналды.

Шараға қатысқан меймандар өнер иесінің өмір жолына тоқталып, ансамбльдің жеткен жетістіктерін сөз етті. Іс-шара барысында С.Шабель­ский­дің “Тойбастар”, А.Жайымов­тың “Шаттанамын”, Қ.Аманжолов­тың “Жалғыз аққу”, Есірдің “Ирең”, Н.Ті­лендиевтің “Жекпе-жек”, Т.Жа­хин­нің “Балдырған” күй­лері орын­далды.

– Бұл клубқа мүше болғаныма көп уақыт өте қойған жоқ. Алайда, біраз рухани кештерге қатысып, азық жинадым. Бүгінгі кездесудің де тәр­биелік мәні зор. Ұлттық аспабымыз – домбыраның дамуына, төл мұра­мызды үйренуге деген жастардың ықыласының артуына үлес қосып жүрген Тойкен апамыздың еңбегі мақтауға лайық, – дейді Ботакөз Қо­жабекова.

Сержан НҰРДОЛҚЫНҰЛЫ,

М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дың 4-курс студенті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp