Талдықорғанда грек-рим күресінен жастар арасында ел біріншілігі өтті. Республикалық жарыста өңір намысын қорғаған жерлестеріміз Қазақстан чемпионы атанды.
50 килограмм салмақ дәрежесінде Хамит Нәбиев өнер көрсетті. Жарыста ол төрт кездесу өткізіп, бәрінде жеңіске жетті. Ақтық сында ол Алматы облысының балуанымен белдесті. Бұл бәсекеде Хамит 8:0 есебімен ұтты.
82 килограмм санатындағылар арасында жеңіс Ислам Евлоевқа бұйырды. Солтүстікқазақстандық спортшы бес мәрте боз кілемге шығып, барлық қарсыласын тізе бүктіріп, алтын медальді еншіледі.
Аманжол НҰРТАЗИН,
“Soltüstık Qazaqstan”.