«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қызмет түрі сан алуан

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Үкіметтің 2017 жылғы 31 қазан­дағы №689 қаулысына сәйкес наурыздың екінші сенбісі жерге орна­ластыру, геодезия және картогра­фия күні ретінде бекітіліп, кәсіби мерекелер күнтізбесіне енгізілді. Биыл бұл мейрам 11 наурызға тұс­па-тұс келіп отыр.

Еліміздің экономикалық дамуы­ның барлық кезеңдерінде жерге орналастыру аса маңызды орын алады. 1969 жылы “Целингипрозем” мемлекеттік жобалау институтының Солтүстік Қазақстан филиалы құ­рылған болатын. Тәуелсіздігімізден кейін жер қатынастарын түбегейлі өзгерту реформасы жүргізіліп, Ми­нистрлер кабинетінің 1994 жылғы қаулысымен “Ақмолагипрозем” және “Қазгипрозем” жер ресурстары мен жерге орналастырудың мемле­кеттік ғылыми-өндірістік орталығы бой көтерді. 1997 жылы оның база­сында Солтүстік Қазақстан еншілес мемлекеттік кәсіпорны ашылды. Содан бері жерді ұтымды пайда­ла­нуға, қорғауға бағытталған кешенді іс-шаралар жүйесі қалыптасты.

Геодезистер мен картографтар республикадағы жердің табиғи және шаруашылық жағдайы, жер учас­келерінің орналасқан жері, мөлшері мен шекаралары, олардың сапалық сипаттамасы, есепке алу, өзге де қажетті мәліметтерді қамти отырып, жер учаскелері және жердің ресурс­тық әлеуеті туралы ақпараттар жи­нақтайды, жер ресурстарын тиімді жоспарлау мен басқаруды ұйым­дас­тыруға ықпал етеді. Топырақ және геоботаникалық зерттеулерді, то­пырақ бонитетін айқындауды, пас­порттауды, топырақ материал­да­рын жаңартуды, мемлекеттік жер кадастры мәліметтерін беруді және басқа да жұмыс түрлерін орын­дайды. Мемлекеттік жер кадастры­ның дерекқорын енгізу, сүйемелдеу, жинау, жүйелеу және жүргізу мақ­сатымен мемлекеттік жер кадас­тры­ның автоматтандырылған ақпа­раттық жүйесінің республикалық орталығы жұмыс істейді. Бұл құры­лым меншіктің барлық нысанын­дағы жер учаскелерін мемлекеттік кадастрлық есепке алуды қамта­масыз етеді, кадастрлық есепке алу объектілері туралы деректер база­сын, яғни жердің бірыңғай мемле­кеттік тізілімін құрады, басқа ақпа­раттық жүйелермен және мемле­кеттік деректер базаларымен элек­тронды түрде мәліметтер алма­сады, мүдделі мемлекеттік орган­дарға, мекемелерге және халыққа кадастр ақпараттарын ұсынып, сәйкестендіру құжаттарын басып шығарады.

“Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” комме­рциялық емес акционерлік қоға­мын (КЕАҚ) құру туралы 2016 жылғы 29 қаңтарда Үкімет шешім қабыл­дап, халыққа бір орталықтан қызмет көрсету құқығын иеленді. Өңірде орналасқан филиал жер учаскеле­рінің, желілік объектілердің және жылжымайтын мүлік нысандары­ның барлық түрлерінің, магистраль­дық құбырлардың, инженерлік же­лілердің, автомобиль жолдары мен темір жолдардың жерге орна­ластыру жобаларын, бұзылған жер­лер­ді рекультивациялау жобала­рын, шаруашылықішілік жерге орна­ластыру жобаларын әзірлеп, бекі­теді, жер учаскелерінің шекарала­рын белгілейді, меншік иелері мен жер пайдаланушыларының кондоми­ниум үлесін есептеп, жер учаске­лерін түгендейді, сапалық жай-күйі туралы мәліметтер береді, топырақ және геоботаникалық ізденістер жүргізеді, ауыл шаруашылығы мақ­сатындағы алқаптардың топырақ бо­нитетін айқындайды, зертханалар­да топырақ үлгілеріне химиялық тал­дау, топографиялық түсірілім жа­сайды, кадастрлық (бағалау) құнын ай­қындайды, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне паспорттар дайындайды.

Мемлекеттік жер кадастры ав­томаттандырылған ақпараттық жүйе­сі технологиялық озық әдіс­термен жарақтандырылған күрделі сала саналады. Оның қызметіне мыналар кіреді: жер ресурстарын басқару процестері туралы толық ақпарат, басқарудың барлық дең­гейлері бойынша уақыттың ең аз шы­ғыны, жерді пайдалану жүйесіне басқарушылық әсердің барынша тиімділігі, жүйеде болып жатқан барлық өзгерістерді уақтылы анық­тау және есепке алу, мемлекет бөлетін қаражатты тиімді пайдала­ну. Жер ресурстарын басқарудың бар­лық саласына заманауи жоғары өнімді компьютерлік техноло­гия­ларды пайдалана отырып, жер ка­дастрын жүргізудің түбегейлі жаңа тәсілдері мен нысандарына көшіру бүгінгі күннің басты талаптарының бірі болып табылады.

Былтыр жер кадастры желісі бойынша 16407 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде: жер учаске­леріне актілер дайындау және беру – 9634, жер учаскесінің кадастрлық құнын айқындау – 1084, жобалана­тын жер учаскесін графикалық де­ректермен келісу – 5689. Агроөнер­кә­сіп кешенін дамытудың 2022-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында 1 млн. 450 мың гектар алқапта топырақ мате­риалдарын жаңарту жоспарланған. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы алқаптардың бонитетін айқындау бойынша 2 млн. 539,4 мың гектар алаңда жұмыстар орындалды. То­пырақ және геоботаникалық ізде­ністердің қорытындысы бойынша электрондық цифрлық карталар жа­салып, сайтқа жүктелді. Филиалдың зертханасы МЕМСТ ISO 17025-2019 (халықаралық стандарт) талап­та­рына сәйкес аккредиттелген. Ак­кре­диттеу саласына топырақтың зерт­ха­на­лық зерттеулері, құрамын­дағы су, топырақ карбонаттарының кө­мір­қышқыл газы, азоттың, фос­фор­дың, калий мен күкірттің алмасу фор­малары, жер асты сулары кіреді.

Данияр БЕКЕНОВ,

“Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” КЕАҚ облыстық филиалы директорының орынбасары.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp