«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Сырт алаңдағы жеңіс

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Футболдан ел біріншілігінің екінші туры аясында “Qyzyljar” клубы Түркі­стан облысының “Мақтарал” команда­сымен кездесті. Қызыл­жарда қардың көбесі әлі сөгіле қойған жоқ, стадион дайын емес, сондықтан матчтар сырт алаңда өтуде.

Алғашқы турда жерлестеріміз қы­зылордалық “Қайсарды” 1:0 есебімен жеңсе, бұл жолы “Мақтаралға” қарсы ойында дәл сондай нәтиже тіркелді. Кездеудің бірінші минуттарынан бастап солтүстікқазақстандық аяқдопшылар шабуылға көшті. Бірде жойқын соқ­қылар қақпадан қиыс кетсе, енді бірде қарсылас команданың қорғаушылары тосқауыл қойып жатты. Дегенмен көп ұзамай есеп ашылды. Голдың авторы “Qyzyljar” командасының шабуылшысы Максим Чиканчи.

Ойынның екінші бөлігінде қонақтар таразы басын теңестіруге тырысты. Алайда шабуылдары нәтиже бермеді. Матчтың аяқталуына санаулы минуттар қалғанда жерлестеріміз есеп­ті еселеуге мүмкіндік алған. Бірақ ықтимал сәтте мүлт кетті. Екі турдан кейін солтүстікқазақстандық ұжым тур­нир кестесінде 5-ші орынға көтерілді. Көш басында Шымкенттің “Ордабасы” командасы келеді.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp