«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жасөспірімдер бақылаусыз жүрмесін!

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңір аумағында 9-12 наурыз күн­дері “Жасөспірім” облыстық жедел-алдын алу іс-шарасы өт­кізілді.

Петропавл қаласында акцияның бірінші күнінің қорытындысы бойын­ша кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында немесе заңды өкілдерінің еріп жүруін­сіз тұрғын үйден тыс жерде болу фактілері бойынша төрт хаттама толтырылды. Кәмелетке толмағанның құқықтары мен мүдделерін қорғау, тәрбиелеу және білім беру бойынша міндеттерді орындамаудың үш фактісі анықталып, бес қолайсыз отбасы тексерілді.

Жыл басынан бері облыс бойынша полицейлер мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірлесіп 86 рейд және 10 тексеру жүргізді. Нәти­жесінде кәмелетке толмаған балалардың түнгі уақытта тұрғын үйден тыс және ойын-сауық орындарында болғаны үшін 403 заңды өкіл, сондай-ақ кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді атқармайтын 182 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Юрий КЛЫКОВ,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp