Есімі елімізге белгілі қаламгер, сыншы, зерттеуші Құлбек Ергөбек 1952 жылы 26 желтоқсанда Түркістан облысының Отырар ауданындағы Ақынтоғай елді мекенінде, Көксарай деген жерде дүниеге келген. Сыншының нәтижелі еңбегін ерте аңғарған, жазғандарын зердесінен өткізіп, шынайы бағасын ақ ниетпен айта алған, қазақ қарасөзінің хас шебері, ақыл-ой алыбы, болмысы бүтін, келбеті келісті кемел жазушы Әбіш Кекілбайұлы: “Ергөбековті Ергөбековтей бақайшағына дейін жіліктей шағып, жіліктей зерттеп, жіліктей түсіндіру үшін тағы бір Ергөбеков керек… таңғалдыра біледі. Тамсандыра біледі”, деп бағалапты. Иә, абыз қаламгерден осындай баға алу – екінің бірінің маңдайына жазыла бермейді. Бұл ұлтқа керек іске құл болу, сол құлдық еңбектің еселеніп қайтуын – оның шығармашылығына ден қойған адам бірден аңғарары хақ. Оған ғалымның жұрт қолына тиген ондаған кітабы дәлел. Айталық, алты томнан тұратын “Арыс-тар мен Ағыстар”, жеті томды құрайтын “Түрікстан жинағы” және жеті кітап: әрқайсысы қырық баспа табаққа жетіп жығылатын “Өлеңсөз”, “Қарасөз”, “Сарасөз”, “Дарасөз”, “Данасөз”, “Баянсөз”, “Баласөз”, Сәбит Мұқанов болмысын қамтыған бес кітап, өткен жылы қолға тиген “Келбет” атты қырық баспа табақ көлемді еңбек – Құлбек Ергөбектің ұлт руханиятына қосқан өлшеусіз үлесі десек, қателеспейміз. Назарларыңызға ұсынылған мақалалар топтамасынан сыншының өмірі мен шығармашылығына қанық боласыздар.
Әр адам баласы балалықтың алаңсыз күндерін келмеске жіберіп, есейіп, ат жалын тартып мінгеннен-ақ алдынан өмірдің күрделі мәселелері мен көмескі тұман торлаған баспалдақтарына жолығары белгілі. Біз де солай болдық…
Желтоқсанның жетісіне қараған түні, ақ ұлпа қары бұрқырап тұрған Алматыға алғаш ат басын тіредік. Осыған дейінгі бар өмірі Алтайда ат үстінде, тау арасында өскен бала жігіттің қиялына қанат бітірген әсем қала біз ойлағаннан күрделі болып шықты. Уақыт өте келе бұл шаһардың қыры мен сырына қаныға баста-дық. Пана тұтып, ес көріп барар жері-міз көбіне Жазушылар одағы. Онда-ғы ақжүрек ағалардың ыстық ықыласы мен мейірі, алғы өмірге жетелеген қызғын әңгімелері бізді алабөтен әсерге бөлейтін.
Уақыт солай жылжи берді. Ежелгі шығыстық лириканы шырайын келтіре жырлап, сол тұстағы жас буынға ерекше әсер жасаған тамаша ақын Мұрат Шаймаранұлы Қытайдан келе қалды. Бұл 2004 жылдың сәуір айы болатын. Сол ағамды ертіп Жазушылар одағына келем ғой, ұлы атамның үйіндей мақтанып. Кіре берістен қа-зақтың ғажап ақыны Ұлықбек ағам (Есдәулетов) жолыға кетті. Сәлем беріп, қолын алдық. Құдайдай сыйлай-тын ағам бетіме тесіле қарады. Екі күн бұрын кафеде полицейлермен ұстасып қалып, оң қабағымнан аямай соққы жеген едім. Жүзіме аянышпен қарады да: “Кабинетіме жүріңдер”, – деді. Есіктен кіріп жайғастық. Мұрат ағамды елпілдеп таныстырып жатырмын. Аздан соң әңгіменің реті келгенде Ұлқаш ағам маған қарап, түсін суытып: “Әй, бала! Осы сен не жұ-мыспен айналысып жүрсің қазір?”, – деп сұрады. Әкесінің алдындағы кінәлі баладай жер шұқып отырған мен: “Аға-ау, менде қайдағы жұмыс болсын?.. Жүретін жерім арзанқол кафелер, түнейтін жерім полицияның уақытша қамау орны…”, – деп міңгір-ледім.
“Онда сен былай істе. Оқы” деді маған тесіле қарап. Сөйтті де телефон трупкасын қолына алды. Бір нөмірді тез-тез теріп, сәл отырғасын ар жағынан емен-жарқын бір дауыс естілді. Әзілмен амандық сұрасып болған соң әңгіменің төтесіне көшті. “Ау, Құлбек досым, саған бір бұйымтай бар. Қысқасы мынау, дәл қазір қасымда бір жас ақын інің отыр. Былай жаман жазбайды, ертеңінен үміт бар. Осы баланы оқытып, қатарға қосу керек, бір-екі күнде саған барады…”
Мен аң-таңмын. Алатаудың ұшар басын ораған ақ бұлттай болып қол жеткізбей, арманға айналып бара жатқан оқу үміті жылт еткендей ме?..
Сонымен не керек, Мұрат ағамның “қаржылай көмегімен” Түркістан-ға жол алдым. Қол сумкамда аса мұқияттылықпен оралып сақталған Ұлықбек ағаның Құлбек көкеме күн-тізбенің бір бетіне жазып берген қысқа хаты бар. (Қапелімде қолына хат жазатын оңтайлы қағаз табылмай қалып, күнтізбенің уақыты өткен бір бетін жұлып алып жазған еді). Соған қарап қазақтың қос мықтысының дос-тығы қандай биіктікке жеткенін ішім сезді.
Уақыт әлі көктем болса да Түркістан шаһары аптап ыстықтан бейма-за күй кешіп, қала ерні кеберси бас-таған екен. Құлбек көкем жылы қа-бақпен, мейірлі әзілмен қарсы алды. “Күнтізбе-хатты” алып оқып шықты да, жырғап бір күліп алды. Ата-анамды, өткен өмірімді сұрап, қытай-дан сырттай бітірген дипломымды көріп, біраз әңгіме қозғады да: “Шілде айының жиырмасына қарай келіп, құжаттарыңды өткізіп, магистратура-дан бағыңды сынап көр. Бұл универ-ситетте шеттен келген бауырларға жасалатын қамқорлық үлкен. Алла сәтін салса түсіп кетерсің”, – деп үл-кен үмітпен шығарып салды.
Емтихан уақыты келіп, Шымкент қаласындағы ағылшын тілі бойынша сынақ алынатын аудиторияға келсем есікте қабылдап тұрған жастау әйел паспортыма бір, қолындағы емтиханға қатысушылардың тізімдігіне бір қарап мені ішке кіргізбеді. Әрі-бері айтып көріп едім, болмады. “Тізімде жоқсыз, не деп қатыспақсыз?” деп жол жақты нұсқады. Сасқанымнан қара терге түстім. Бұл жерден күдерімді үзіп, вокзалға жеттім… Түркістанға жүретін таксиге отырып Құлбек көкемнің кабинетіне асығыс жетіп, мән-жайды айттым. Ол кісі сасар емес, өрттен шыққандай әбіржіген түріме қарап мәз болып күледі келіп…
Күзгі оқу маусымы басталып жатқандықтан бұл кісінің алдына түрлі қағаздарын көтеріп келушілер де тым көп еді. Соларға бір қарап алды да маған бұрылып: “Сен бара бер. Оқуға түсуіңмен құттықтаймын! Енді жатақхана алуың керек. Құжаттарыңды да-йындап соған кірісе бер”, – деді. “Емтиханына кіре алмай тұрып, қай-дағы оқуға түсу?..” деген екіұшты ой-мен анығын білейін деп магистрату-ра инспекторына бардым. Мән-жайға сол жерден қанықтым. Сөйтсем, сол жылы магистранттарға арнап Түркия жағының арнайы бөлген екі квотасы бар екен. Бірі сол жақтан келген Аб-долла есімді жігітке, бірі маған бұйы-рыпты.
Туған ағаңның өзі жақсылығын есеппен жасайтын бұл заманда қарбалас жұмыстарымен жүріп ұмытып кетпей, Алматыдағы Ұлықбек досының өтінішін жерде қалдырмай және “болам деп тұрған” баланы бетінен қақпай, бәрін де үйлестіріп шешіп қойған осы Құлбек көкем екен. Қос ағама деген ризашылығымда шек болған жоқ.
Тым алыста, Алтайда қалған анам менің магистратураға оқуға түскен хабарымды естіп: “Ол ағаларыңа менен көп сәлем айт! Екі дүниеде үрім-бұтағымен жамандық көрме-сін!”, – деді жылап тұрып…
Жарас ағамның Жазушылар ода-ғы атынан дайындап берген хаты өзге басшылардың алдында абырой-лы жүруіме, жатақханадан жеке бөлме алуыма үлкен себін тигізді.
Мен оқуға түскен 2004 жылдың күзінде Құлбек ағаның отбасында ауыр қайғы орын алды. Жан-жүрегіне айналып кеткен кенже ұлы Сәбит кө-лік апатынан қаза болды. Бүкіл университет ұжымы аза білдіріп, алыс-жақындағы барша ағайындар, ақын-жазушылар үздік-создық келіп, көңіл айтып жатты. Аяулы ұлды жерлеуге алып шыққанда Түркістанның сұрғылт күзі одан бетер мұнартып, ағам-мен бірге көз жасын аямай төгіп тұрды. Кеудемді ащы өксік қысып, жаным құлазыды. Қайғы салмағы менің де еңсемді басып, дәрменсіздік шыр-мауы қабырғамды қайыстырды…
Ағаның басына түскен сол бір ауыр күндерде қазақтың классик жазушысы Әбдіжәміл аға Нұрпейісов пен жары Ажар апамыздың Түркістанға арнайы келіп көңіл айтуы, Әб-діжәміл ағаның көзіне жас алып, ет-бауыры езіліп тұрып айтқан жұбату сөзі қазаға жиналған адамдардың бәрін жылатты.
Дала тарихының білгірі, әйгілі жа-зушы Мұхтар Мағауин Алматыдан жедел телефон шалып, “Құлбек інім-ай! Бір шалдың алдында қатар көктеген ағалы-бауыр едік. Сенің қайғың менің қайғым! Сенің жүрегіңді жарып өткен қасірет мені де келістіріп соқты. Қайтеміз, бекем бол!..”, – күңірене аһ ұрды. Бұл жерде: “Бір шалдың алдында қатар көктеген ағалы-бауыр едік” деп отырғаны ұлтымыздың бұл қос мықтысы – атақты Бейсекеңнің, қазақтың абыз ұлы Бейсембай Кенжебаевтың төл шәкірттері һәм өкіл балалары еді.
…Біраз күннен кейін Түркияның сәулет үлгісімен салынған көрікті жатақхананың ең үстіңгі төбесіне шығып отырып, жақын маңда орын тепкен мазарлыққа, онда жерленген Сәбиттің күзгі мұнар жапқан мұңды қабіріне көз алмай ұзақ қарадым. Жүрегім шаншыды. Бойымда атқақтаған ыстық қан жыр тіліне айналып, ішімдегі запыранды ақтарып былай өрілетін өлең жаздым:
Қаратаудың басын да түн жабады екен ғой,
Қаратаудай ағама мұң жауады екен ғой.
Жүрегі мәрт әкенің айықпайтын сорына,
Еһ, бұл жалған дүние!
Ұрладың ба оны да?..
Жүрегі жаралы арыстан ағаның қасіретті күндерінде аз да болса көңіліне медеу, жанына жұбаныш болсын деген оймен көп кешікпей “ТүрОйстан” газетіне “Құлбек көкеме көңіл айту” деген атпен, жүрегімді жарып жазылған екі жоқтау өлеңімді бастырып, апарып бердім.
Ер азамат түгілі, қара жердің белі қайысатын тым ауыр қайғылы күн-дерде Құлбек ағам жанынан артық көретін кенже ұлын “Сенсіз тағы бір таң атты…” деп жыл бойы жоқтады. Бас газетіміз “Егемен Қазақстан” ба-сылымы зарлы жоқтау жазбасын бес номерге үздіксіз беріп, қайғыға ортақ бола алатын азаматтығын көрсетті. Мұның өзі ағаның басында тапжыл-май тұрып алған қайғы бұлтын ептеп ыдыратқандай еді…
Ұларбек ДӘЛЕЙ,
ақын.