«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Наурыз 15, 2023

Қызмет бабын асыра пайдаланған облыстық тексеру комиссиясының мүшесі жеті жылға сотталды

“Антикор” орталығында облыстық тексеру комиссиясы мүшелерінің, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы қызметкерлерінің, БАҚ өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 200-бабы бойынша ұсынымды қарау жиыны өткізілді. Ол жөнінде облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Сергей Перов түсінік берді. “Ведомоство өз тарапынан кез кел­ген сыбайлас жемқорлық тәуе­кел­дерін жою бағытында кешенді ша­раларды жүйелі түрде ұйымдасты­рып …

Қызмет бабын асыра пайдаланған облыстық тексеру комиссиясының мүшесі жеті жылға сотталды Read More »

Фермердің құқығы қорғалды

“Арыстан” шаруа қожалығының жетекшісі Қаламқас Дәулетова облыстық кәсіпкерлер палатасына Есіл аудандық әкімдігі шаруа қожалығының 290 гектар жайылымдық жерін заңсыз алғалы жатқанын айтып арызданған. Мамандар жергілікті биліктің бұл әрекеті заңға қайшы деп отыр. Облыстық кәсіпкерлер палатасы баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл отбасы өңірімізге оңтүстіктен қоныс аударған. 2019 жылы олар ауыл шаруашылығымен айналысу үшін жер учаскесін аукцион арқылы …

Фермердің құқығы қорғалды Read More »

АМАЛДАН БАСТАЛАР ӘЗ-НАУРЫЗ

Облыс орталығындағы “Alageum Electric” электротехника зауытында Амал мерекесі тойланды. Іс-шараға облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Дархан Әмірин қатысып, зауыт қызметкерлерін Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады. – Біздің ата-бабаларымыз бұл мейрамды ықылым заманнан бері тойлап келеді. Наурыз амалдан, кө­рісуден басталады. Дәстүр бойын­ша бұл күні адамдар бір-бірімен қол алысып, төс қағыстырып көктемнің келуімен құттықтайды. …

АМАЛДАН БАСТАЛАР ӘЗ-НАУРЫЗ Read More »

Жан тербеген ән мен күй

Ақан сері атындағы облыс­тық филармонияда Көрісу күніне орай іс-шара өтті. “Мәңгілік” би ансамблі және Ольга мен Михаил Лахтиндердің хореографиялық мектеп-студиясының оқушыла­ры жиналғандар назарына концерттік бағдарлама ұсынды. Концертке филармонияның со­листері мен Сегіз сері атындағы ха­лық аспаптар оркестрі, “Қызыл жар” халық музыкалық ансамблі, Динара және Асхат Таушевтар, Айғаным Махамбетова, “MELOMIX” тобы қатысып, ән мен күйден шашу шашты. …

Жан тербеген ән мен күй Read More »

“Qulager” жастары жарады

Шайбалы хоккейден жастар командалары арасындағы плей-офф ойындары жалғасуда. Жергілікті “Qulager” клубы ширек финалда бесінші кездесуін өткізіп, өскемендік “Торпедодан” басым түсті. Бұған дейін плей-офф ойындары аясында петропавлдық өрендер төрт кездесу өткізіп, екеуінде жеңіске жетіп, екеуінде жеңілістің кермек дәмін татқан болатын. Нәтижесінде ширек финалдың сериясы бесінші матчқа дейін ұзартылды. Бұл кездесу екі команда үшін де шешуші ойын …

“Qulager” жастары жарады Read More »

ІЗГІЛІК МҰНАРАСЫ (Эссе)

Есімі елімізге белгілі қаламгер, сыншы, зерттеуші Құлбек Ергөбек 1952 жылы 26 желтоқсанда Түркістан облысының Отырар ауда­нын­дағы Ақынтоғай елді мекенінде, Көксарай деген жерде дүниеге келген. Сыншының нәтижелі еңбегін ерте аңғарған, жазғандарын зер­де­сінен өткізіп, шынайы бағасын ақ ниетпен айта алған, қазақ қара­сөзінің хас шебері, ақыл-ой алыбы, болмысы бүтін, келбеті келісті ке­мел жазушы Әбіш Кекілбайұлы: “Ергөбековті Ергөбековтей бақай­шағына …

ІЗГІЛІК МҰНАРАСЫ (Эссе) Read More »

ТУҒАН ЖЕРДІҢ ТҰҒЫРЛЫ ТҰЛҒАСЫ

Білім және ғылым саласына өлшеусіз еңбек сіңірген көрнекті ғалым, Қазақстан Республи­ка­сы Ұлттық ғылым академиясының академигі, тілші-әдебиет сыншысы, филология ғы­лымдарының докторы, профессор Мырзатай Серғалиұлы Серғалиев 1938 жылдың 17 наурызында Солтүстік Қазақстан облысының Октябрь (қазіргі Шал ақын) ауданына қарас­ты Жаңажол ауылында дүниеге келген. Қазақ ғылымының дамуына зор үлес қосқан ғалым, өнегесі мол білікті ұстазымыз ортамызда болса, үстіміздегі …

ТУҒАН ЖЕРДІҢ ТҰҒЫРЛЫ ТҰЛҒАСЫ Read More »

Мәңгілік ұстазым

Мырзатай Серғалиұлы ғұмыры­ның жарты ғасырын білім мен ғы­лым­ға арнады. 600-ден астам ғылы­ми еңбегі, соның ішінде 10 моногра­фиясы, 6 оқулығы – тілтану мен әде­биеттануға қосыл­ған зор үлес. Ол ұлттық тіл, ұлттық салт-сана, ұлттық құндылық, ұлттық мәдениет, ұлттық руханият сияқты мәселелерге де қа­лам тербеді. Ши­рек ғасыр екі ұлттық универ­ситеттің – әл-Фараби атында­ғы Қазақ ұлттық университе­тінің қа­зақ филологиясы …

Мәңгілік ұстазым Read More »

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ: БІЗДІҢ БОЛАШАҒЫМЫЗ – АЙҚЫН

Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министрдің, мемлекеттік органдар басшыларының, облыстар мен Астана, Алматы, Шымкент қалалары әкімдерінің қатысуымен кеңес өткізді. Жиында ел өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелер қарастырылды. Қазақстан халқына Жолдауында айтылған міндеттердің іске асырылуына және Президенттің бұған дейін берген тапсырмаларының орындалуына ерекше назар аударылды. Президент елімізде жан-жақты саяси жаңғыру процесі жүріп жатқанын атап өтті. – Оның бағыт-бағдарын …

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ: БІЗДІҢ БОЛАШАҒЫМЫЗ – АЙҚЫН Read More »

Өңір экономикасының негізгі бағыты – сүт өндіру тәжірибесі – өзге аймақтарға үлгі

Мал шаруашылығы өңір экономикасының негізгі бағыттарының бірі саналады, соңғы кездері брендке айналды деуге болады. Республикадағы әр үшінші тауарлы-сүт фермасы теріскейде орын тепкен. Елімізде өндірілетін ақтың 10 пайызы өңірімізге тиесілі. Былтыр 647,8 мың тонна өнім алынды. Бүгінгі таңда бұл саламен 100-ден астам агроқұрылым айналысады, оның ішінде 36 заманауи сүт кешені жұмыс істейді. Соңғы 5 жылда 30 …

Өңір экономикасының негізгі бағыты – сүт өндіру тәжірибесі – өзге аймақтарға үлгі Read More »