«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

САХНАДА – ЖАС ӨНЕРПАЗДАР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Баяғыда бір түп алма ағашы бо­лыпты. Ол әбден жемістері кө­бейіп, үлкен болып өскен тұста: “Енді қо­жайыныма бұдан да көп алма бер­сем” деп армандаған екен. Бірақ бұ­тақтары…”. Міне, осы аңызды арқау еткен пьесаның қа­зақ театрларында көптеген жылдар бойы сахналанып келе жатқанды­ғы белгілі. Жуырда өмір құбылыстары мен қиындық­та­рына толы драманы облыс орта­лығындағы Оқушылар сарайының “То­лағай” балалар театры сахна­лады.

“Бір түп алма ағашы” спектаклі – психологиялық параллелизмге құрыл­­ған шығарма. Бір отбасының ба­сынан өткен тағдыры суретте­леді. Әлеуметтік теңсіздік, қоғам­дағы қайшы пікірлер, адамдар арасындағы алауыздық, ағайынды жандардың берекесінің ыдырауы шығармаға арқау болады. Үлкен бір отбасының ұл-қыздарының бір шаңырақтың ас­тына жиналып, мәмілеге келе алмай, қо­ғамдағы жауыр болған проб­лемаға шырмалуы, ар мен ұят алдындағы абыройдың құнсыздануы көрініс береді. Спектакльдің идеясы береке мен бірлікке, адал­дық пен адам­дық­қа үндейді. Жақ­сыдан үй­реніп, жамандықтан жире­ніп жүруді үлгі етеді. Кез келген қоғамдық, от­басылық мәсе­лелер оң шешімін тауып, дер ке­зінде ақи­қат ақталатын болса, тра­гедияға жол жоқ екенін аңғартады.

“Толағай” театрының жетекшісі Дәурен Тойбазаров қандай да бір әлеуметтік, отбасылық мәселелер­дің оң шешімі табылып, шындық дер кезінде әшкереленген жағдайда, қайғылы оқиғаға жол жоқ деген идеяны арқалаған драмалық туын­дыны сахналау арқылы жас актерлердің қабілет-қарымдарын көрсе­туге тырысқан.

– Бұл – аңсап, армандайтын, қиялға бататын спектальдердің бірі. Соны небәрі 15-16 жастағы жеткін­шектердің сомдауы – жетілсем де­ген ниеттің белгісі. Себебі бұндай ауыр спектальді ойнау тә­жірибелі актерлерге де оңай емес, – дейді қойылымның қоюшы ре­жиссері Дәу­рен Тойбазаров.

Қойылым шынымен де адамның санасына сәуле түсіріп, түй­сігін оя­тып, бәрін қайта ойлауға мәжбүр­лейді. Оқушылардың өнері көрер­меннің көңілінен шықты. Сілтідей тынған зал, көзден бұлаған жас бір тыйылмады. Қойылым соңында кө­рермендер ұзақ қол со­ғып, қошемет білдірді.

Әдия ТАСБОЛАТ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp