«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Наурыз 27, 2023

Күлкіге қарық қылды

Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында Халықаралық театр күніне орай жаңа комедияның тұсауы кесілді. Спектакль басталмас бұрын об­лыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының бас­шысы Досбол Әбдірейісов сала қыз­меткерлерін мерекелерімен құттық­тады. Атаулы күнмен тұспа-тұс келген театрдың бұрынғы директоры Людмила Лошакованың туған күні де ескерусіз қалмады. – Барлықтарыңызды Халықара­лық театр күнімен шын жүректен құт­тықтаймын! Бұл …

Күлкіге қарық қылды Read More »

САХНАДА – ЖАС ӨНЕРПАЗДАР

“Баяғыда бір түп алма ағашы бо­лыпты. Ол әбден жемістері кө­бейіп, үлкен болып өскен тұста: “Енді қо­жайыныма бұдан да көп алма бер­сем” деп армандаған екен. Бірақ бұ­тақтары…”. Міне, осы аңызды арқау еткен пьесаның қа­зақ театрларында көптеген жылдар бойы сахналанып келе жатқанды­ғы белгілі. Жуырда өмір құбылыстары мен қиындық­та­рына толы драманы облыс орта­лығындағы Оқушылар сарайының “То­лағай” балалар театры …

САХНАДА – ЖАС ӨНЕРПАЗДАР Read More »

Вокзалдағы намазхана

Қасиетті Рамазан айында Петро­пав­лдағы темір жол вокзалында намаз­хана ашылады. Бұл туралы “Қызылжар” орталық мешітінің өкілдері хабар­лады. Бүгінде ғибадат үйінің қызметкер­лері темір жол вокзалының басшылығымен келісіп, ғимараттың екінші қа­батында арнайы бөлмені намазхана етіп жабдықтауда. Бұл жерде, әсіресе түнгі, таңғы уақытта жол жүріп бара жатқандар намаздарын қаза қылмай, бес парыздың бірін еш қиындықсыз орындай алады. Сонымен қатар …

Вокзалдағы намазхана Read More »

ҚАЙТҚАН ЕСЕ

2024 жылғы Еуропа чемпио­наты­на іріктеу ойындарының 2-ші туры өтті. Н тобында Қазақстан мен Дания құрамалары кездесті. Матчты көру үшін “Астана-Арена” стадионы­на 28 мың жанкүйер жиналды. Даниялық футболшылардың ба­сымдығы бірден байқалды. Нәтиже де көп күттірген жоқ. Расмус Хёйлунн 21-ші және 36-шы минуттарда қос гол соғып, командасын алға же­теледі. Біздің жігіттер екінші таймды сәтті бастады. Қарсылас қақпасын …

ҚАЙТҚАН ЕСЕ Read More »

Жерлесіміздің жетістігі

Солтүстікқазақстандық был­­­ға­ры қолғап шебері Евгений Павлов кәсіп­қой рингте кезекті рет жеңіске жетті. Бұл жолы жерлесіміз техни­калық но­каутпен мексикалық боксшы Хуан Кар­лос Мирелесті тізе бүк­тірді. Евгений Павлов Мексиканың Ме­хи­кали қаласында өткен бокс кешінде өнер көрсетті. Екінші жеңіл сал­мақта сынға түскен жерлесіміз­дің мек­сикалық Хуан Карлос Мирелеспен жекпе-жегі 8 раундқа жос­парланғанымен уақытынан бұрын аяқталды. Петропавлдық спортшы қар­сыласын техникалық …

Жерлесіміздің жетістігі Read More »

“Qulager” – финалда

“Qulager” клубы шайбалы хоккей­ден жастар командалары арасындағы ел біріншілігінің ақтық сынына шықты. Солтүстікқазақстандық хок­кейшілер жартылай финалда “Ақтөбе” командасына қарсы бес кездесу өткізіп, 3 рет жеңіске жетіп, 2 ойында есе жіберген болатын. Шешуші матч Ақтөбе қаласында ұйымдастырылып, жерлестеріміз алаң иелерінен 2:3 есебімен басым түсті. Жартылай финалдың соңғы ойынында “Qulager” сапынан Данила Пиниди, Никита Селезнев пен Павел …

“Qulager” – финалда Read More »

Ауылдағы айшықты өзгерістер

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кезекті Жолдауында мемлекеттік биліктің барлық дерлік институттарын реформалау қажеттігін, жаңғыртудың негізгі мақсаты – тұтас мемлекеттің тиімділігін арттыруға бағдарланатынын атап көрсетті. “Халық үніне құлақ асатын мемлекет” құруды қолға алдық. Бұған дейін айтқанымдай, бұл – мемлекеттік органдар тек азаматтардың күнделікті мәселесіне байланысты жауап қатуы тиіс деген сөз емес. Бұл, ең алдымен, билік пен …

Ауылдағы айшықты өзгерістер Read More »

Қолдау тапқан жобалар

Елді мекендердегі өзекті мәселелердің шешіліп, ондағы тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсартуда жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдарына жүктелген міндет үлкен. Аталған ұйымдар аудан-ауылдардағы оң өзгерістерге бастамашы болып, жергілікті бюджетке мониторинг жүргізеді. Осылайша шешім қабылдауда тұрғындар арасынан шыққан белсенділердің де пікірі ескеріледі. Мұның бәрі 2021 жылы қабылданған жергілікті өзін-өзі басқарудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасы аясында мүмкін болып отыр. Бұл …

Қолдау тапқан жобалар Read More »

ЕМДЕУГЕ ТЫҢ ТӘСІЛДЕР

Өңірдің денсаулық сақтау саласына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында жаңа технологиялар енгізі­ліп жатыр. Былтыр Петропавлда 100-ге жуық эндоваскулярлық ота жасалса, биыл бас және мойын тамырларын нейроэндо­васкулярлық тәсіл арқылы емдеу қолға алынбақшы. “Әлеуметтік медициналық сақ­тан­дыру қоры” коммерциялық емес акционерлік қоғамы облыстық фи­лиалының мәліметінше, өңірде мін­детті әлеуметтік медициналық сақ­тан­дыру аясында 78 медициналық мекеме жұмыс істейді, олардың қа­та­рында …

ЕМДЕУГЕ ТЫҢ ТӘСІЛДЕР Read More »

Жеке үй салуға жер телімін беру тәртібі

Жеке тұрғын үй құрылысы (ЖТҚ) үшін жер учаскелерін сұраған кезде азаматтардың өтініштері (қолдаухаттары) арнайы есепке алынады және бөліп беруге арналған алаңдарды дайын­дау бос аумақтар болған кезде қанағаттандырылады. “Жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету жө­ніндегі қағидаларды бекіту туралы” қызметті республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, ау­дандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, …

Жеке үй салуға жер телімін беру тәртібі Read More »

ОРТАҚ ТАЛАП, ТЕҢ МҮМКІНДІК

“Мүгедектігі бар адамдардың құ­қықтары туралы” Конвенцияда ай­тылғандай, мүмкіндігі шектеулі жандарға еркін жүріп-тұрулары, қоғамдық өмірге жан-жақты қатысу мүмкін­дігіне ие болулары үшін мемлекет тарапынан қолдау көрсетілуі керек. Олар кез келген ортада, қоғамдық көліктерде, әлеуметтік нысандарда болсын барлық мүмкіндіктерді он екі мүшесі сау адамдармен бірдей пайдалана алулары тиіс. Қалалық және ауылдық жерлерде нысандар мен қызметтерге қолжетімділік жа­уапты мекемелер …

ОРТАҚ ТАЛАП, ТЕҢ МҮМКІНДІК Read More »