Жеке үй салуға жер телімін беру тәртібі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жеке тұрғын үй құрылысы (ЖТҚ) үшін жер учаскелерін сұраған кезде азаматтардың өтініштері (қолдаухаттары) арнайы есепке алынады және бөліп беруге арналған алаңдарды дайын­дау бос аумақтар болған кезде қанағаттандырылады.

“Жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету жө­ніндегі қағидаларды бекіту туралы” қызметті республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, ау­дандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, кент, ауыл, ауылдық округ әкімі көрсетеді.

Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға кезекке қою үшін азаматтар Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының 1-қосымшасына сәйкес өтініш жібереді, мұны мынадай екі тәсіл­мен жасауға болады:

– жеке басын куәландыратын құ­жат­ты қоса бере отырып, тікелей жергілікті атқарушы орган (ЖАО) кеңсесіне өтініш беру;

– “электрондық үкіметтің” www.egov.kz веб-порталына өтініш беру арқылы, азаматтың ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құ­жат түрінде осы қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес жер учаскесін алуға кезекке тұру.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі – 12 жұмыс күні. Азамат­тардың барлық берілген өтініштері (қолдаухаттары) арнайы есепке алынады және жер учас­келерін алуға кезекте тұрғандардың бірыңғай тізіліміне енгізіледі (“egov.kz” электрондық үкімет порталында).

Арнайы есепке қою, сондай-ақ осы мақсаттар үшін жер учаскелерін тегін негізде беру кезінде азаматта ЖТҚ үшін мемлекет құқықтарын берген, олар туралы мәліметтерді мемлекеттік жер кадастрын жүргі­зетін мемлекеттік корпорациядан сұратылып отырған жер учаскеле­рінің болуы немесе болмауы ескеріледі.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы №255 “Жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскелеріне құқық беру қағидалары” бұйрығы­мен бекітілген 6-тармаққа сәйкес жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алу үшін Қазақстан Республикасының азаматтары “Елді мекен шегіндегі нысан салу үшін жер учаскесін беру” мемлекеттік қыз­мет көрсету қағидаларына сәйкес өтініш береді. Мемлекеттік қызметті ЖАО көрсетеді.

Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке тұлғалар портал арқылы ЖАО жібереді:

бірінші кезең:

– көрсетілетін қызметті алушы­ның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат түрінде қағи­далардың 1-қосымшасына сәйкес елді мекен шегінде нысан салу үшін жер учаскесін беруге өтініш;

– жер учаскесінің орналасу схемасының электрондық көшірмесі.

екінші кезең:

– түпкілікті келісіл­ген таңдау актісі.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

– бірінші кезең: ахуалдық схема­сы бар жер учаскесін таңдау актісін, сәулет-жоспарлау тапсырмасын да­йындау – 28 (жиырма сегіз) жұмыс күні ішінде.

– екінші кезең: түпкілікті таңдау актісін келісу және көрсетілетін қызметті алушы жер-кадастрлық жұмыс­тардың қызметтері үшін ақы төлеу кезінде жер-кадастрлық жос­парды қоса бере отырып, жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешім шығару – 18 (он сегіз) жұмыс күні ішінде.

Мемлекеттік қызмет көрсету шеңберінде жеке тұрғын үй құрылы­сына жер учаскелеріне құқықтар беру мынадай тәртіппен жүргізіледі:

жеке тұрғын үй құрылысы үшін оларға жер учаскелеріне жер пайда­лану құқығын беруге мүдделі жеке тұлғалар белгіленген үлгідегі өті­нішті www.egov.kz “электрондық үкі­мет” веб-порталы немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік корпорация арқылы жер учаскесінің орналасқан жері бойынша ЖАО-ға береді. Бұдан әрі ЖАО бір жұмыс күні ішінде жер учаскесіне құқық беру туралы келіп түскен өтінішті жер учаскесінің орналасқан жері бойынша сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын тиісті жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесіне жібереді.

Қала құрылысы бөлімі бекітілген қала құрылысы құжаттарына сәйкес жеті жұмыс күні ішінде жер учаскесін таңдау актісін, оның ахуалдық схе­масымен, сәулет-жоспарлау тапсырмасын, техникалық шарттарды алу үшін сауалнама парағын, топо­графиясын дайындайды және оларды бір мезгілде барлық мүдделі мемлекеттік органдарға, тиісті қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілеріне, “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясына (бұдан әрі – мемлекеттік корпорация) келісуге жібереді,

Мүдделі мемлекеттік органдар, тиісті қызметтер, табиғи монопо­лиялар субъектілері, мемлекеттік корпорация он екі жұмыс күні ішінде жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін беру мүмкіндігі туралы тиісті қорытынды ұсынады.

Мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін мемлекеттік корпора­цияның қорытындысына сұратылып отырған учаске бойынша мәліметтер және жер-кадастрлық жұмыс­тарға смета қоса беріледі.

Өтініш берушінің түпкілікті таң­дау актісін келісуі және жер-кадастрлық жұмыстар қызметтері үшін ақы төлеуі үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Өтініш беруші келіспеген таңдау актісінің қолда­нылу мерзімі он жұмыс күнін құрайды. Өтініш беруші түпкілікті таңдау актісін келіскеннен кейін оған қол қою үшін уақытша жер пайдалану шартын алған күні туралы хабарлама беріледі. Қол қойылған материалдар жер-кадастрлық жос­парды дайындау үшін мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін мем­лекеттік корпорацияға түседі.

Жер-кадастрлық жоспар үш жұ­мыс күні ішінде бекітіледі және ЖАО жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесіне құқық беру туралы оң шешім қабылдауы үшін негіз болып табылады, ол жер-кадастрлық жоспар бекітілген кезден бастап бес жұ­мыс күні ішінде қабылданады.

Жергілікті жерде жер учаскесінің шекараларын белгілеу ЖАО жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесіне құқық беру туралы шешім қабылдағаннан кейін бір ай ішінде жер-кадастрлық жоспар бекі­тілгеннен кейін жүргізіледі. Жер учаскесінің шекарасын белгілеу бо­йынша жерге орналастыру жұмыс­тары және жер учаскесіне жер-кадастрлық жоспарын дайындау жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учас­кесі берілетін тұлғаның қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Сұратылып отырған жер учас­кесі бос болмаған жағдайда мемлекеттік жер кадастрын жүргі­зетін мемлекеттік корпорация үш жұмыс күні ішінде қала құрылысы бөліміне жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесіне құқық беруден бас тартуға негіз болатын тиісті ақпаратты жібереді.

Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесіне құқық беруден бас тарту қала құрылысы бөлімінің қорытындысымен ресімделеді және өтініш берушіге үш жұмыс күні ішінде жіберіледі.

Мемлекеттік қызметтердің қол­жетімділігі мақсатында мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпарат “Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқар­масы” мекемесінің ресми сайтында орналастырылған.

Мейрам МЕҢДІБАЕВ,

облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp