«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОРТАҚ ТАЛАП, ТЕҢ МҮМКІНДІК

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Мүгедектігі бар адамдардың құ­қықтары туралы” Конвенцияда ай­тылғандай, мүмкіндігі шектеулі жандарға еркін жүріп-тұрулары, қоғамдық өмірге жан-жақты қатысу мүмкін­дігіне ие болулары үшін мемлекет тарапынан қолдау көрсетілуі керек. Олар кез келген ортада, қоғамдық көліктерде, әлеуметтік нысандарда болсын барлық мүмкіндіктерді он екі мүшесі сау адамдармен бірдей пайдалана алулары тиіс. Қалалық және ауылдық жерлерде нысандар мен қызметтерге қолжетімділік жа­уапты мекемелер тарапынан қадағалануы маңызды.

“AMANAT” партиясы қазақстан­дық­тардың, оның ішінде мүгедектігі бар адамдардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған “Өзгерістер жолы: әркімге лайықты өмір!” атты сайлауалды бағдарламасын ұсынды. Біздің өңір бойынша партияның бағдарламасы аясында 2025 жылға дейін барлығы 1294 нысанды мүм­кіндігі шектеулі жандарға бейімдеу жоспарланған. 2021 жылы – 258, 2022 жылы – 258, 2023 жылы – 258, 2024 жылы – 228, 2025 жылы – 292 нысан қайта жабдықта­латын болады.

Жол картасының іс-шараларын іске асыру үшін облысымызда мо­ниторинг жүргізетін арнайы топтар құрылды. Олар 2021-2022 жылдары облыс аумағындағы 516 нысанды тексеріп, анықталған кемшіліктерді жою туралы ұсы­ныстар әзірледі. Талапқа сай бол­май шыққан 388 нысан толығымен мүгедектер үшін бейімделді.

Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің негізгі міндеттерінің бірі – “Қазақстан Республикасындағы мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау тура­лы” және “Арнайы әлеуметтік көмек көрсетулер туралы” Заңдарда көз­делген міндеттердің сақталуына бақылау жүргізу болып табылады. Біз алдын ала жоспарланған нысан­дарға арнайы тексерістер жүргіземіз. Кейде жеке және заңды тұлға­лардың өтініштері бойынша жос­пардан тыс тексерістер ұйымдас­тырылады.

Ескере кететін жайт, мониторинг жүргізушілердің берген ұсыныстары орындалмаған жағдайда, яғни олқылықтар түзетілмесе, жергілікті ат­қарушы органдар департаментке тек­серіс жүргізу үшін арнайы хат жол­дайды.

Департамент мамандары келіп түскен өтініштерге сәйкес талапты орындамаған нысандарға қатысты жоспардан тыс тексеріс жүр­гізіп, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 83-бабы бойынша әкімші­лік шаралар қабылдайды. Кодекстің 83-бабы бойынша мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңнаманы бұзғаны үшін лауазымды адамдарға – елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.

Мереке МҰХАМЕДИЯРОВ,

Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp