«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Вокзалдағы намазхана

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қасиетті Рамазан айында Петро­пав­лдағы темір жол вокзалында намаз­хана ашылады. Бұл туралы “Қызылжар” орталық мешітінің өкілдері хабар­лады.

Бүгінде ғибадат үйінің қызметкер­лері темір жол вокзалының басшылығымен келісіп, ғимараттың екінші қа­батында арнайы бөлмені намазхана етіп жабдықтауда. Бұл жерде, әсіресе түнгі, таңғы уақытта жол жүріп бара жатқандар намаздарын қаза қылмай, бес парыздың бірін еш қиындықсыз орындай алады. Сонымен қатар құқық бұзушылықтарды болдырмау үшін на­мазхана бейнебақылау камерасымен қамтамасыз етілмек. “Біз намазхананы қажетті заттармен жабдықтап қойдық. Еденге жылы төсеніш төселген. Оған бір мезгілде 4-5 адам кіріп, құлшылық­тарын орындай алады. Дәрет алатын орын да қарастырылған, – дейді “Қызылжар” орталық мешітінің бас имамы Хамзат Қажымұратұлы. Имамдар дәл осындай намазха­наны Петропавл әуе­жайда да ашуды жоспарлап отыр.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp