«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Күлкіге қарық қылды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында Халықаралық театр күніне орай жаңа комедияның тұсауы кесілді. Спектакль басталмас бұрын об­лыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының бас­шысы Досбол Әбдірейісов сала қыз­меткерлерін мерекелерімен құттық­тады.

Атаулы күнмен тұспа-тұс келген театрдың бұрынғы директоры Людмила Лошакованың туған күні де ескерусіз қалмады.

– Барлықтарыңызды Халықара­лық театр күнімен шын жүректен құт­тықтаймын! Бұл – театр қайраткер­лерінің ғана емес, күллі өнерсүйер қауымның мерекесі. Сіздер бойлары­ңыздағы дарындарыңыз арқылы жас ұрпақты отансүйгіштікке, адам­гершілікке, қайырымды болуға бау­лып келесіздер. Еңбектеріңіз жемісті болсын! – деді Досбол Нұржанұлы.

Италиялық драматург Эдуардо Скарпеттаның “Голодранцы и арис­тократы” комедиясын тамашалауға келгендердің қатары қалың болды. Оқиға Неапольда орын ала­ды. Екі сағатқа созылған қойылым көрер­мен­дерді күлкіге қарық қылды. Бірінші бөлімде әртістер қайыршы­ның рөлін сомдаса, екіншісінде ақсүйектің кейпіне енді. Режиссердің айтуынша, спектакльдің негізгі ойы да осы. Бір күн аш болсаң, келесі күні байып кетуің әбден мүмкін.

– Біз қойылымға үш ай көлемін­де дайындалдық. “Голодранцы и аристократы” – фарс элементтері бар жеңіл комедия. Сүйіктісіне қо­сылу үшін жас ақсүйек өзінің туыс­тарын кедей қылып көрсетуді қа­лайды. Ол үшін өмірден қиындық көріп жүрген жандарды іздейді. Аш­тан өлмеу, баспана мәселесін шешу, күн көрудің амалын іздеп жүрген қайыршылар бұл ұсынысқа қуана ке­ліседі. Олар айла-жоспар құрып, іске кіріседі. Бірақ барлығы ойдағы­дай бола бермейтініне көз жеткізеді, – дейді режиссер Тимур Кәрімжа­нов.

Дина МҰРАТ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp