Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұжымы Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін атап өтті.
Мерекелік шараның шымылдығын Ақан сері атындағы облыстық филармонияның әншісі Ғалымжан Нұрпейісов әсем әнмен ашты. Содан кейін еңбек ардагері Амангелді Кенжеғозинов пен күйші Серікбай Құсайынов қазақтың бата беру дәстүрі туралы әсерлі сөз сабақтап, жиналғандарды әз-Наурызбен құттықтады. «Мұхсин» мешітінің имамы Абылай Құрмашев сәбиге ат қою дәстүрін көрсетіп, ақ жаулықты аналар шашу шашты. Балалар ауылынан кешке арнайы шақыртылған өрендер де өз өнерлерін көрсетіп, мәдени шараның көрігін қыздыра түсті.
«Наурыз – халқымыздың төл мерекесі. Бұл күні адамдар бір-бірлеріне сәлем беріп, қыстан аман шыққандарына қуанады, өкпе-ренішті ұмытады. Біз бүгін балаларға арнап дастархан жайып отырмыз. Бүлдіршіндер қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татып, олардың дайындалу жолдары туралы айтып берді. Ән айтып, би билеген оларға сыйлықтар үлестірілді», – дейді кітапхана жанындағы ұлттық бөлімнің меңгерушісі Гүлмира Темірғалиқызы.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp
Соңғы жаңалықтар
- 26.11.2024
- 6 қаралым
- 26.11.2024
- 7 қаралым
- 26.11.2024
- 6 қаралым
- 26.11.2024
- 9 қаралым
- 25.11.2024
- 6 қаралым