«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Наурыз 28, 2023

КІТАПХАНАДАҒЫ НАУРЫЗ

Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұжымы Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін атап өтті.Мерекелік шараның шымылдығын Ақан сері атындағы облыстық филармонияның әншісі Ғалымжан Нұрпейісов әсем әнмен ашты. Содан кейін еңбек ардагері Амангелді Кенжеғозинов пен күйші Серікбай Құсайынов қазақтың бата беру дәстүрі туралы әсерлі сөз сабақтап, жиналғандарды әз-Наурызбен құттықтады. «Мұхсин» мешітінің имамы Абылай …

КІТАПХАНАДАҒЫ НАУРЫЗ Read More »

Он екі айдың сұлтаны

Бес парыздың бірі – Ораза үсті­міздегі жылы наурыз мейрамымен тұспа-тұс келеді. Күллі мұсылман қа­уымы үшін қасиетті болып санала­тын, ерекше мол сауап пен мүмкін­діктер беретін қасиетті Рамазан айы 2023 жылдың 23 наурызында бас­талады. Ораза айт – 21 сәуірде, ал Қадір түні сәуірдің 17-нен 18-не қара­ған түнінде, Құрбан айт 28 маусымда деп бекітілді. Ақиқатында Рамазан – берекеге …

Он екі айдың сұлтаны Read More »

Шалғайдағы ағайынның жанайқайы

Уәлиханов ауданынан Мәулен Айтмағанбетов есімді зейнеткер хабарласып, ауылы аралас, қойы қоралас кей ауылдардың күрмеуі күрделі проблемаларын ортаға салды. Оның айтуынша, Қулыкөл және Қайрат ауылдық округтері тұрғындарының дені – өз ағайындарымыз, олар мал өсірумен айналысады. Облыс, аудан орталықтарынан шалғай тұратындықтан, кейбір әлеуметтік мәселелер шешуді қажет етеді. Мәселен, Қаратал, Береке ауылдарында ұялы байланыс нашар, интернеттің жылдамдығы төмен, …

Шалғайдағы ағайынның жанайқайы Read More »

ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІНІҢ АТАСЫ

Жылдар жылжып, ғасыр көшкен сайын алыста қалған ақтаңдақтардың қадір-қасиеті артып, құндылығы қастерлене түседі. ХХ ғасырдың басы солақай саясаттың қылышынан қан тамып тұрған тұста, аспандағы жарық жұлдыздай жарқыраған қазақ елінің ержүрек, батыл, қайсар, ұлтшыл ұлдары кеңес өкіметі құрған қақпанға бірінен соң бірі түсті. Олардың қатарында Əлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Елдос Омаров, Мiржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Мұхамеджан …

ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІНІҢ АТАСЫ Read More »

ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАЙТЫН МАМАН ТАПШЫ

Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы өткен жылғы жұмысын қорытындылады. Облыс әкімінің орынбасары Сәтжан Аблалиевтің қатысуымен өткен алқа отырысында орман және балық шаруашылығы саласын дамыту, жануарлар дүниесі мен жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жайы талқыланды. Бүгінгі таңда облысымызда 12 орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі “Красный бор” қорығы бар. Өңірімізге тиесілі …

ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАЙТЫН МАМАН ТАПШЫ Read More »

ҚҰТҚАРУ ТОБЫ АУДАНҒА АТТАНДЫ

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің арнайы құрылған тобы су тасқынының ал­дын алу үшін Ғабит Мүсірепов атын­дағы ауданға аттанды. Ве­домство бастығының орынбасары Мұрат Қанғожиновтың айтуынша, су тасқынымен күрес тобына жеке құрамнан 23 адам кірген, сондай-ақ қауіпті аймаққа жол талғамайтын көліктер мен жүзу құралдары жі­беріліпті. “Мұндай іс-шара жылда көктем­де қолға алынады. Біз облыстың су тасқыны болуы мүмкін қауіпті …

ҚҰТҚАРУ ТОБЫ АУДАНҒА АТТАНДЫ Read More »

Ел біріншілігіндегі екінші орын — облыс волейболшылары үшін тарихи жетістік

Волейболдан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті. Ақтық сында ел біріншілігінің алты дүркін жеңімпазы “Алтай” командасы солтүстікқазақстандық “Қуаныш” клубымен кездесті. Екі ойынның қорытындысы бойынша жеңіс бұл жолы да өскемендіктерге бұйырды. Жерлестеріміз күміс жүлде иегері атанды. Бұл – өңір спорты үшін үлкен жетістік. Спортшы қыздарды облыс әкімі Айдарбек Сапаров құттықтады. Өңір басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында чемпионат …

Ел біріншілігіндегі екінші орын — облыс волейболшылары үшін тарихи жетістік Read More »