Дүкендердегі ұрлық

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Тәртіп сақшыларының айтуын­ша, облыс орталығындағы дүкен­дерде жасалатын ұрлық мүлікке қа­тысты қылмыстардың жалпы саны­ның бестен бір бөлігін құрап отыр. Соңғы кездері супермаркеттерде алкогольдік ішімдіктерді қолды қы­лу жиілеген.

Тәжірибе көрсеткендей, мұндай қылмыстарды көп жағдайда нарко­логиялық есепте тұрған адамдар жасайды.

“Бейнебақылау жүйелерін ор­нату сауда нысандарындағы ұр­лықтың ашылуын едәуір жеңілде­туде. Жыл басынан бері облыс ор­талығының дүкендерінде 201 ұрлық тіркелді, оның 39-ы супермаркеттерде орын алған. Қазіргі уақытта он факті бойынша материалдар сотқа берілді, қылмыс құрамының болмауына байланысты үш іс тоқ­татылды, алты дерек бойынша же­дел-іздестіру, қалғандары бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде”, – дейді Петропавл қалалық криминал­дық полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Дархан Зияфиддин.

Әсет ҚАНАФИН.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp